Кітапхана кеші – 2025 Балалар және жасөспірімдер кітаптары апталығының жарқын қорытындысы болды

Кітапхана кеші – 2025 Балалар және жасөспірімдер кітаптары апталығының жарқын қорытындысы болды

Бұл жолы біз оқырмандармен бірге 2025 жылы мерейтойлары атап өтілетін сүйікті авторларының әдебиет әлеміне қызықты саяхат жасадық. Шара қонақтары жазушылар Татьяна Гринева және Бекарыс Энгельс барлық қатысушыларға құттықтау сөздерін айтып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Әдеби кейіпкерлердің шеруі қуаныш, жағымды эмоциялар тудырды. Одан кейін нағыз таңғажайыптар басталды! Ойындар, шеберлік сағаттары және жұмбақ шытырман оқиғаларға толы интерактивті орындар барлығына өз таланттарын ашуға және эрудицияны көрсетуге мүмкіндік берді. Әрбір алаң мерейтой иелері Абай Құнанбаевтың, С.Бегалинның, Қ.Мырзалиевтың, А.Экзюперидің, Дж.Роулингтің шығармашылықтарына арналды. Жарқын фото аймақ есте қаларлық суреттер үшін тамаша орынға айналды!
Осы ұмытылмас кешті бізбен өткізгендеріңіз үшін барлықтарыңызға алғыс айтамыз!
Share