9 сәуір – Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы есімі №20 орта мектебіне берілгеніне 25 толуына арналған «Қазіргі білім беруде А. Байтұрсынұлы мұрасының ғылыми –әдістемелік құндылығы» атты қалалық ғылыми –практикалық конференциясына кітапхана тарапынан «Ұрпаққа үлгі ұлағат» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдер, мысалдар, мақалалар, зерттеулер өмірі мен шығармашылық жолы туралы кітаптар мен мерзімдік басылымдардан материалдар – «Қазағым, елім», «Қырық мысал», көп томдық «Таңдамалы шығармалары» ұсынылды.
