«Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі» КММ 6-сынып оқушыларымен өткізілген «Тас бетіндегі тарих» танымдық сағаты білімдерін жетілдіруге ықпал етті. Қатысушылар бейнежазбаны тамашалап, ежелгі дәуір ескерткіштерімен, тасқа қашалған жазулар мен суреттердің тарихи маңызымен танысты.
Оқырмандар ежелгі түркі әліпбиін қолдана отырып, сөздерді, өз есімдерін жазды, постер қорғады.
Шараның мақсаты – тарихи ескерткіштерді сақтау арқылы ата-бабаларымыздың дүниетанымы мен өмір салтын түсіндіру.
