«Ғылым балалардың көзімен» ғылыми квест

«Ғылым балалардың көзімен» ғылыми квест

Ғылым апталығы аясында «Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп кешенінің» 2 сынып оқушыларымен «Ғылым балалардың көзімен» атты ғылыми квест өткізілді. Шара барысында оқушылар белгілі бір тапсырмаларды орындау арқылы әртүрлі ғылыми тақырыптарды зерттеді, логикалық сұрақтарға жауап берді. Қатысушылармен «Ойлан! Тап!», «Кальмар ойыны», «Ақылды балақай», «Кім жылдам», «Шешімін тап» ойындары ойнатылды. Шараның негізгі мақсаты – оқушыларды ғылымның ғажайып әлемімен таныстырып, қызығушылығын арттыру.

8

Share