Кітапханада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акция аясында Қ. Нұрғалиев атындағы №43 мектептің 7 сынып оқушыларына «Таза ел – ортақ мақсатымыз» атты экологиялық экспозиция ұйымдастырылды.
Шара барысында қазіргі заманның ең ауқымды мәселесі экология, атмосфералық ауа сапасының маңыздылығы, су нысандарының экожүйлерін сақтау жайында мәліметтер берілді.
Сондай-ақ, оқырмандардың назарына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ұсынылған «Таза Қазақстан» экологиялық акцияның маңыздылығы баяндаған бейнеролик ұсынылды.
Кітап көрмесімен таныстыру барысында қатысушыларға экологияға байланысты үш кезеңнен тұратын тапсырмалар берілді. Олардың бірі сұрақ – жауап ойыны болса, келесі тапсырма шығармашылық жұмыс, қала мен ауылдағы экология жағдайын салыстыра отырып постер құру арқылы өз пікірлерін ортаға салды.