Мектепте оқушыларға салауатты тамақтану мәдениеті туралы ашық әңгіме айтылып , қажетсіз тағамдардың зияны жайлы нақты мәліметтер берілді. Сонымен қатар, әлем практикасындағы жағдайлар негізге алынып, семіздік статистикалары айтылды. Іс-шара барысында оқушыларға қызықты әрі пайдалы сұрақ-жауаптар, онлайн форматтағы ойындар ойнатылды.
Оқушылар белсенділік танытып, өз ойларын ашық білдіріп, денсаулыққа пайдалы тағамдар туралы ойларымен бөлісті. Іс-шара оқушылардың қызығушылығын арттырып, пайдалы тағамдарды таңдауға деген ынтасын оятты.