«Ерлік даңқы – жеңіс таңы»

«Ерлік даңқы – жеңіс таңы»

5 мамырда Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Жамбыл Жабаев атындағы қалалық саябақта «Ерлік даңқы – жеңіс таңы» атты әдеби музыкалық композиция өткізді.

Ұлы Отан соғысындағы жауынгерлердің ерліктерін насихаттау, халықтың тарихи және қаһармандық мұрасын таныстыру мақсатында өткен шарада майдан даласының рухын сезіндіретін соғыс жылдарындағы әндер шырқалды.

Қала тұрғындарының назарына «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат» атты  кітап көрмесі ұсынылды. Кітапхана қызметкерлері мен оқырмандар Жеңіс, Отан, рух жайында жазылған өлеңдерді мәнерлеп оқыды.

Сондай-ақ, саябақ демалушылары, оқушылар   ашық микрофонда ата-бабаларымыздың ерліктеріне,  ұрпақтар үшін жанын қиған жандарға алғыстарын білдірді.

Share