«Қазақстан – біздің мақтанышымыз: Отанға деген сүйіспеншілікпен бірлікте» кездесу

«Қазақстан – біздің мақтанышымыз: Отанға деген сүйіспеншілікпен бірлікте» кездесу

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай кітапхана қызметкерлері Өскемендегі «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты №5518 әскери бөлімінің сарбаздарымен «Қазақстан – біздің мақтанышымыз: Отанға деген сүйіспеншілікпен бірлікте» атты тақырыпта кездесу өткізді. Кездесу барысында әскери қызмет туралы әңгіме болды. Сонымен қатар сарбаздардың назарына аталмыш күнге байланысты ұйымдастырылған кітап көрмесі ұсынылды. Тәуелсіз еліміздің шекара шебін көздерінің қарашығындай күзетіп жүрген мәрт мінезді шекарашылар жайлы жазылған Т.Дәулетбаеваның «Шекара соқпақтары» кітабы, ана тілімізде алғаш рет жарық көрген «Айбын» әскери энциклопедиясымен, республикалық әскери-сараптамалық «Айбын» журналдарымен жақын танысты.
Шара кітапхана психологының әскери қызметшілердің жауынгерлік көңіл-күйіне әсер ететін сергіту сәтімен жалғасын тапты.
Share