«Тілім менің – тірлігімнің тірегі» викторина

Тілдер мерекесіне орай “49 жалпы білім беретін мектебінде” 6-7 сынып оқушыларымен «Тілім менің – тірлігімнің тірегі» атты викторина өтті. Шара барысында оқушыларға ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы А.Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы, тілге қосқан үлесі туралы сұрақтар қойылып, постер қорғады. Қосымша ақпарат алу үшін оқырмандардың назарына ұстаз, қоғам қайраткері А.Байтұрсынов туралы бейнеролик ұсынылды. Сондай-ақ «Сиқырлы қорапша» ойыны барысында берілген жұмбақтардың шешімін оқушылар үш тілде айтып, тілге байланысты мақал-мәтелдердің жалғасын тапты.
Шара соңында қатысушылар «Анамның тілі» әнін шырқап, ана тіліне деген тілегін, ойын жеткізді.
Share