19 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Ойлау-қабілет-сана» атты өзекті мәселеге арналған жастар пікірсайысы өтті.
Шараға сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін жан-жақты дамытуға және жетілдіруге ұмтылатын қаламыздың белсенді жастар жиналды.
Дискуссия мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың адал еңбек, сапалы білім және шынайы патриотизм құндылықтарына бағытталған соңғы Жолдауындағы түйінді ойларға негізделді.
Пікірсайыс форматы қатысушыларға ашық диалог, пікір алмасу және кәсіби ой-өрістерін кеңейту үшін бірегей алаң болды. Пікірталас Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналды.
Шара барысында «Қазақстанның 100 кітабы» жобасымен таныстыруда қамтылды, онда қатысушылар оқырмандардың дауыс беруі негізінде таңдалған шығармалармен таныса алды.
Шара жастардың интеллектуалдық әлеуетін дамытуда маңызды қадам болып, ашық диалог пен сыни тұрғыдан ойлау дәстүрлерін нығайтуға ықпал етті.