Бүгін кітапхана төрінде жастардың сұранысы бойынша жазушы Жәди Шәкенұлымен еркін форматтағы рухани кездесу өтті.
Қаламгер бұрын-соңды көпшілік алдында ән салмағанын айтса да, кеш барысында ерекше көңіл күймен ән шырқап, өз өлеңдерінен сырлы шумақтар оқыды.
Шынайы әңгімеге толы кеш оқырмандардың жазушыдан қолтаңба алуымен аяқталды.









