Кітапханамызда жергілікті ақын, сырлы сазгер, әнші, жыршы-термеші, Қазақстан Республикасы Авторлар қоғамының «Қазақ лауреаты» төсбелгісінің иегері Болат Қалибекұлы Рысбековтың «Арғанатым, ар қанатым» және «Өмірге ғашық жанмын» атты кітаптарының таныстырылымы өтті. «Дөңгелек үстел» аясында өткен бұл шарада автор кітабы жайлы толғанып, шығарған өлеңдерін оқып, қатысушыларға рухани кеш сыйлады. Шараға келген студенттер авторға сұрақтарын қойып, оған тұшымды жауап алды. Кеш көрігін қыздырған «Тұмар» тобы жиналғандарға әсем әңдерін шырқады. Кеш соңында кітапхана атынан ақынға сый-сияпат ұсынылды.
