Әдебиет – ескірмейді, тек тыңдаушы мен оқырман түрленеді. Бүгінгі шара соның айғағы болды. Оқырмандар заманауи форматтағы тың тәсілдер арқылы әдебиетке жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік алды. «Әдебиет – ескірмейді, тек тыңдаушы мен оқырман түрленеді. Бүгінгі шара соның айғағы болды. Оқырмандар заманауи форматтағы тың тәсілдер арқылы әдебиетке жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік алды. «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылған «Әдебиет әлеміндегі қос жұлдыз» атты әдеби көрме гуманитарлық-техникалық колледжінің 1 курс студенттеріне таныстырылды. Шара барысында «TikTok» ойыны арқылы қатысушылар өздерін бір сәтке қаламгердің орнына қойып, Тәкен Әлімқұлов пен Жұмекен Нәжмеденовтің шығармаларынан алынған дәйексөздердің жалғасын өз ойларымен креативті аяқтады. Қатысушылар Жұмекен Нәжмеденовтің «Кішкентай» және «Менің топырағым» атты туындыларын кеңінен талқылап, шығарма мазмұнына байланысты өз ойларын ортаға салды. Ал Тәкен Әлімқұловтың «Кертолғау» повесі оқырмандарды ерекше әсерге бөлеп, автордың көркемдік шеберлігі мен кейіпкерлер болмысына үңілуге жетеледі. Қазақ әдебиетінің асыл қазынасын бүгінгі буын осылайша жаңаша қабылдап, уақыт талабына сай оқи алатынын тағы бір мәрте дәлелдеді. гуманитарлық-техникалық колледжінің 1 курс студенттеріне таныстырылды. Шара барысында «TikTok» ойыны арқылы қатысушылар өздерін бір сәтке қаламгердің орнына қойып, Тәкен Әлімқұлов пен Жұмекен Нәжмеденовтің шығармаларынан алынған дәйексөздердің жалғасын өз ойларымен креативті аяқтады. Қатысушылар Жұмекен Нәжмеденовтің «Кішкентай» және «Менің топырағым» атты туындыларын кеңінен талқылап, шығарма мазмұнына байланысты өз ойларын ортаға салды. Ал Тәкен Әлімқұловтың «Кертолғау» повесі оқырмандарды ерекше әсерге бөлеп, автордың көркемдік шеберлігі мен кейіпкерлер болмысына үңілуге жетеледі. Қазақ әдебиетінің асыл қазынасын бүгінгі буын осылайша жаңаша қабылдап, уақыт талабына сай оқи алатынын тағы бір мәрте дәлелдеді.
