№49 жалпы білім беретін мектептің 8-сынып оқушылары қазақ поэзиясының жарық жұлдызы Жұмекен Нәжімеденовтің шығармашылық әлеміне саяхат жасады.
Мемлекеттік Әнұранмен басталған әдеби алаңда оқушылар ақынның өмірі мен өлеңдерінен шабыт алды, «Қоңырқай дәптердің күнделігін» мәнерлеп оқып, өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, «Kahoot» платформасы арқылы қызықты викторина өтіп, қатысушылар ақын жайлы білімдерін сынады.
Іс-шара соңында оқушылар «Болашаққа хат» жазып, туған елге деген ыстық тілектерін білдірді.







