Кітапхана қызметкерлері С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың филология факультеті студенттеріне жерлес жазушы, «100 кітап» сауалнамасының қорытынды тізіміне енген «Атау кере» романының авторы Оралхан Бөкей туралы тағылымды дәріс оқыды. Дәріс барысында шығарма жан-жақты талданып, кітап кейіпкерлерінің жай-күй айтылды және автордың шығармаға жасырған жұмбақтары шешілді.
«Атау кере» – 20 ғасырда жазылған ұлы романдардың бірі. Қысқа әңгіменің шебері атанған Оралхан Бөкей кең тынысты, көп қырлы ұлы сөз (роман) жазуда да өз шеберлігін айқын аңғарта білген қаламгер.



