Дулатұлының 140 жылдығына арналған «Қаламы – қару, сөзі – ел намысы» атты тағылымды шара оқырман назарына ұсынылды

Дулатұлының 140 жылдығына арналған «Қаламы – қару, сөзі – ел намысы» атты тағылымды шара оқырман назарына ұсынылды

Қалай ойлайсыздар, бір адамның сөзі бүтін бір халықтың рухын оята ала ма?
Ол сөз жүрекке жол тауып, сананы сілкіндірсе ше?.
Осындай ұлт рухын тербеткен, еркіндік пен елдік идеясының шырақшысы болған дара тұлға — ағартушы, ақын, қоғам қайраткері Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған «Қаламы – қару, сөзі – ел намысы» атты тағылымды шара оқырман назарына ұсынылды.
Шара барысында қатысушылар М. Дулатұлының өмірі мен шығармашылығына арналған деректер мен бейнеүзінділерді және «Оян, қазақ!» фильмімен танысты. «Kahoot», «Аннаграмма», «Ойлан тап!» ойындары ұйымдастырылып, Міржақып Дулатұлының «Алашым – ардағым», «Бақытсыз Жамал», «Оян қазақ» атты еңбектері мен шығармалар жинағы және журналдардан арнайы көрме ұсынылды.
Бір адамның сөзі бір – халықтың рухын оятты. Ал сол рух бүгін де мәңгілік елдің жүрегінде.
Share