«Чудо детки» балаларды дамыту студиясы

«Чудо детки» балаларды дамыту студиясы

Бүгінгі демалыс ерекше әсерге толы күн болды! Кітапханада «Чудо детки» балаларды дамыту студиясының балаларын қуаныш пен мейірімге толы жылы жүзбен қарсы ала отырып бірнеше нейрожаттығу тапсырмалары берілді. Сондай-ақ, балаларға «Үстел ойындары», «Түстерді орналастыр», «Макаронмен сәнде» секілді ұсақ қол моторикасын дамыту, эстетикалық талғамын қалыптастыру және шығармашылық қабілеттерін арттыру, қиялын, зейінін, ұқыптылығын жетілдіру болды. Сонымен қатар пластилинмен жұмыс жасалынды. Бұл шағын моториканы дамытады, яғни жабыстыру, илеп жұмсарту, шымшу бәрі қол бұлшықеттерін күшейтеді, сабырлық пен зейінді ашады, ұсақ бөлшектермен жұмыс жасауға зейін қояды, шыдамдылыққа үйренеді, сөйлеуді дамытады, сенсорлық тәжірибе береді. Балалардың жарқын күлкісі мен ата-аналардың ризашылық көңілі бұл күнді ерекше етіп жасады.
Шара соңы қызықты сергіту сәтімен аяқталды.
Share