Қанат Әбілқайыр «Ағыраптағы аты жоқ адам»

Қанат Әбілқайыр «Ағыраптағы аты жоқ адам»

Абақтыдан босай сала алып-ұшып Мыңқыстақ вокзалына жеттім. Жанқалтама салған билетті аялай сипап қоямын.Өмірім жаңа басталғандай. Баяғы қат-қабат қайғының бәрі ұмытылып, көкжиектен күлімдеп күн күліп тұрғандай. Арайлап атқан ақ таңның шапағы кеудеме сәулесін құйып жылытқандай…
Кенет… Кенет көлденеңнен келген көр ой шат көңілдің быт-шытын шығарды. Жанымды қоярға жер таппай, тыпыршып кеттім. «Ағырапта сені күткен кім бар?» дейді әлгі ой. Ағырапта мені зарыға күткен кім бар? Сарыла күткен кім бар? Рас-ау! Кім бар?
Көңілімді жайсыз бір күй билеп алды. Көкте қалықтай самғаған «құсым» жерге құлады. Тағы да «Он төрт жыл кездеспеген бауырым Елдесті бір көрсем-ау, көзіне тіке қарасам-ау. Жылдар бойы тартқан азабымның өтеуін сұрасам-ау деген ой найзағайдай жарқ етті…
Елдес… Елдес екеуміз бір әке, бір шешеден тудық. Тел қозыдай тете өстік. Басымыз бір қазанға сыймай, қанша шекіссек те, інімді жамандыққа қиғым келмейді. Бөтен ойдан, Елдестің бетіне шіркеу түсірер жайдан оны арашалап алғым келеді. Жаға жыртылар. Онда тұрған не бар? Қол сынса да, жең ішінде қалмай ма? Көңіл қалса ше?
Бірақ… Иә, болары болды, бояуы сіңді.
Жат бауыр болған інімді кешіре алмайтын сияқтымын. Кеудемде керіштей болып кек қатқан. Жан дегенде жалғыз бауырыммен өштесіп, ата жау боларлық қандай айыбым бар еді? Не жаздым? Неден жаңылдым?…
«Бүлінген ештеңе жоқ. Он төрт жылды зонаға бергенім болмаса, қалғаны жай әншейін болмашы дүниелер» деймін өз өзіме сыбырлай тіл қатып…
Құрметті оқырман! «Аты жоқ адамның» бостандыққа шыққан соң, өмірінің қалай бағыт алғанын білгіңіз келсе, кітапханамызға келіп, Қанат Әбілқайырдың «Ағыраптағы аты жоқ адам» атты кітабын оқуға кеңес береміз.
Кітапханадан алып оқи аласыздар📚
Share