«Кітапханадағы қымызхана» бағдарламасының кезекті саны КСРО және Қазақ КСР оқу ағарту ісінің, «ҚР Білім беру ісінің үздігі», аңыз әрі абыз педагог Жәдігер Есімханұлы Қазыкеновке арналды.

Шараға Жәдігер Есімханұлын көзін көргендер, шәкірттері, балалары және лицей оқушылары қатысты.
Атап айтсақ:
«ЖӘДІГЕРДІҢ МЕКТЕБІ» атты деректі ғұмырнамалық кітаптың авторы – Уәлихан Тоқпатаев, Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Бизнес мектебінің аға оқытушысы – Қазыкенов Аслан Жәдігерұлы, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық Университетінің ректоры Рахметуллина Сәуле Жәдігерқызы, экономика ғылымдарының кандидаты, аталмыш университеттің Бизнес мектебінің профессоры – Сүйеубаева Салтанат Нұрболсынқызы, осы университеттің Басқарма мүшесі – Ғылым және инновация жөніндегі проректоры – Коңырбаева Жадыра Түсіпханқызы, “Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп лицей-интернатының” математика пәнінің мұғалімі – Закарьянова Нұргул Советқызы және осы лицейдің тәрбиешілері Сенкибаева Роза Бисаканқызы, Амренова Магира Серғалиқызы, лицей оқушысы «Білім беру менеджментіндегі жаңа бағыттар: Ж.Е. Қазыкенов мұрасы» атты ғылыми жоба қорғаған Дәулетова Ақсезім, қаламыздағы «Алтын ұя» Білім беру орталығының негізін қалаушы – Ерлан Байжігіт қатысты.
«Жан шуағын сепкен Жәдігер ұстаз» атты шара – ұзақ жылдар бойы ұрпақ тәрбиесіне сүбелі үлес қосқан, шәкірт жүрегінен орын алған ұстаз Жәдігер Есімханұлының өнегелі еңбегін ұлықтауға арналды. Іс-шара барысында ұстаздың өмір жолы, білім саласына қосқан үлесі, шәкірттерімен естеліктері және ұстаздық ұстанымы кеңінен таныстырылды
Бұл кеш ұстазға деген ұрпақтар құрметі, тағзымы деуге болады.
Share