Кітапханада өткен «Чудо детки» балаларды дамыту студиясының кезекті шарасында бүлдіршіндер бірнеше қызықты да пайдалы нейрожаттығу тапсырмаларын орындады. «Суреттерді сәйкестендір», «Түстерді орындарына орналастыру», «Тыныс алу», «Асық» тапсырмалары бірлесе орындалып, үйлесімді жұмыс жасауға ықпал етті.
Бұл нейрожаттығулар балалардың есте сақтау, зейін және қозғалыс үйлесімділігін жақсартуға көмектеседі. Олардың эмоционалдық көңіл-күйін көтереді. Сонымен қатар балалардың өзіне деген сенімділігі мен белсенділігі артады, ой-өрісін, қозғалыс белсенділігін, ұсақ қол моторикасын, сөйлеуін дамытуына, жүйке жүйесін тыныштандыруына, ми қызметін дамытуға үлкен әсерін тигізеді.








