Кітапханада әнші, термеші, Республикалық «ZHANA ESIM» жобасының жүлдегері, өнер майталманы, құрмет иесі, Әділ Әуелханұлының ән кеші өтті. Кеш барысында орындаушы шығармашылығындағы термелер мен дәстүрлі әндер орындалып, тыңдармандар тарапынан қызықты сұрақтарға жауап берілді. Музыка мен әдебиет тоғысқан бұл кеш қатысушыларға рухани шабыт пен жақсы көңіл-күй сыйлады.
Шараға қатысқан Өскемен қаласының ақсақалдар алқасының төрағасының орынбасары Қусаинов Болатбек ақсақал өзінің жылы лебізін арнап, батасын берді.





