Сапарғали Бегалиннің 130 жылдығына орай «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» әсерлі әдеби квест

Сапарғали Бегалиннің 130 жылдығына орай «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» әсерлі әдеби квест

Бүгін Қ.Нұрғалиев атындағы №43 орта мектептің 7 – сынып оқушыларымен Сапарғали Бегалиннің 130 жылдығына орай «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» әсерлі әдеби квест өтті. Оқушылар 3 топқа бөлініп, түрлі бағыттағы бекеттерді бағындырды. «Хронологиялық кесте» бекетінде оқушылар жазушының өмір жолы мен шығармашылық кезеңдерін ретке келтіріп, маңызды жылдарды оқиғалармен сәйкестендірді. «Әдеби таным» бөлімінде мәтін үзінділері арқылы шығарма атауын тапса, «жасырын жолдар» бекетінде өлеңнің жоғалған тармақтарын тауып, өз шеберліктерін көрсетті. Әр тапсырмада оқушылардың шапшаңдығы, ой ұшқырлығы байқалды. Жарыс соңында топтардың ұпай сандары есептелініп, жеңіске жеткен топ марапатталды. Квест оқушыларға ерекше көңіл-күй сыйлады.

 

Share