Бұл клубтың жаңашылдығы Өскеменнің шығармашыл жастарының сұранысынан ашылған кітапханадағы әдеби клуб. Жауһар Шығыста баламасы жоқ рухани мекен. Құлазыған көңіл, тулаған жүрек осы мекеннен тыныштық табады. Қала жастары кітапханада айына кемі 1 рет жиналып, рухани кешке саф өнерін дайындап келіп, осы кешке қатысушыларды өз өнерімен тәнті етеді. Жауһар көркемсөз оқу шеберлерін, Шырайлы өлкенін жезтаңдай әншілерін, талантты ақындарын, дарынды бесаспаптарын бір мекенге тоғыстыратын руханияттық бірлестік. Әр кеште үздік өнерін көрсеткен қатысушыларға таңдаулы кітаптар сыйлыққа беріледі. Сол себептен де Жауһар «Kitappen OskeMen!» жобасының бөлігі болып табылады. Дәл осы жобаға жету жолында Жауһар» әдеби сазды клубының үлесі өте зор.
10.02.2025
ШҚО балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Жауһар» атты жаңа әдеби-сазды клуб құрылып, Өскемен қаласының мәдени өміріне тың серпін әкелді. Рухани орталықтың тұсаукесері қазақ поэзиясының асқар шыңы, жүректерге жол тапқан Мұқағали Мақатаевтың туған күнімен тұспа-тұс өтті.
Әдеби-сазды кешке жиналған елуге жуық өнерсүйер қауым жүрек тербетер жырлар оқып, ақын өлеңдеріне жазылған әндерді орындады. Күй тартысы мен жас ақындардың арнау өлеңдері де кештің сәнін арттырды.
«Жауһар» клубы алдағы уақытта өнерге құштар жандарға арналған жаңа шығармашылық алаңға айналып, поэзия, поэтика, көркемсөз, әсем ән, күмбірлеген күй, қобыз сазы, гитара әуені мен модерн рэп секілді өнер өкілдерін бір шаңырақ астына біріктіретін мәдени орталық болмақ.
https://www.instagram.com/p/DF4zbaaschg/?igsh=MTF6MG45dTF1MzBobA
23.02.2025
«Жауһар» сахнасында жан мен жүректің еркіндігін паш еткен тағы бір ерекше кеш өтті.
Әр сөз – жүректен, әр әуен – сырлы саз.
Қатысушылар өздері жазған өлеңдер мен әндерді орындап, өз сезімдерін, ойларын поэзия мен музыка арқылы жеткізді, сондай-ақ өздері жазған шығармаларымен бөлісті…
Бұл кеш – тек естелік емес, жанға сыйланған тыныштық пен жылылық.
«Жауһар» – шығармашылық пен поэзияның еркін мекені, мұнда әркім өз талантымен, өз шығармасымен бөлісе алады.
https://www.facebook.com/share/1EkLBxTTU8/
18.04.2025
Көктемнің шуақты сәуір айының бір күнінде кітапханада «Жауһар» әдеби-сазды клубының қатысушылары мен олардың көрермендері бас қосып, жүрек жылуына толы әсерлі кеш өткізді. Кеште әсем әндер, жүректі тербеткен поэзия және көркем прозалық шығармалар оқылды. Екі ақынның айтысы шараға ерекше өң берді.
Лирикаға толы бұл кеште күлкі де, мұң да қатар өрбіп, жанды тербеген сөздер бірде шабыт сыйлап, бірде ойға салды. Кеш соңында қатысушылар караокеде ән шырқап, көтеріңкі көңіл-күймен аяқталды.
https://www.instagram.com/p/DIoixRaKj34/?img_index=1&igsh=MXI0NHVza20yYmMycg==
24.06.2025
24 маусым @east_iler ұлттық-патриоттық қорының бастамасымен құрылған Өскемен қаласындағы облыстық балалар және жасөспірімдер @shqolibrary.kz кітапханасына Астана қаласынан @alqa.club әдеби-мәдени клубының саяхатшы бикештері мен жастары қонаққа келді.
«ЖАУҺАР» әдеби-сазды клубының кезекті концерті Алаштың ұлтшыл, лирик ақыны Мағжан Жұмабайұлының шығармашылығына арналды. Таңғы басқосуда Мағжанның отты өлеңдері оқылып, оның сөздеріне жазылған @kakimbek_e Ердібайтегінің әндері орындалды. «АЛҚА» клубының ханымдары кешті ұйымдастырушылар мен кітапхана қызметкерлеріне алғыс айтып, сыйлықтар табыс етіп, елордаға қонақ болуға шақырды. Екіжақты байланыс орнап, алдағы уақытта игі іс-шаралардың куәсі болуға ниеттене тарқасты.
https://www.instagram.com/p/DLR1dviM6fa/?igsh=MWV2eWplYXBxbmQyaA==
15.10.2025
2025 жылдың қаңтар айында құрылған @jauhar_art әдеби-мәдени клубы жаңа форматқа өтіп, тың жобаларымен көрерменін қуантуды жалғастыруда. 15 қараша күні шығыс өңірінде алғаш рет ұйымдастырылған “Поэтикалық дуэль” кешінде Өскемен қаласында оқитын 10 студент ақын бақ сынап, өздері туған-өскен Шымкент, Түркістан, Талдықорған, Семей, Өскемен қалалары мен Тарбағатай, Зайсан, Күршім, Глубокое аудандарының намысын қорғады.
https://www.instagram.com/reel/DRHGaXTjVcB/?igsh=MWFkeDZnc2w5a3Jodw==
18.05.2025
«Жауһар» әдеби сазды клубы шығыста баламасы жоқ тамаша бастама. Бұл жерде өлең оқып, монолог айтып, ән шырқап, күй тартып, гитара шертіп, ойындар ойнап немесе жай ғана көрермен болып рухани демалып қайтуға болады.
https://www.instagram.com/reel/DJvosVnskuK/?igsh=MTNxNjgwbTgycjdpNQ==





















