Сүйікті кітаптары бойынша керемет әрі сиқырлы саяхат

Сүйікті кітаптары бойынша керемет әрі сиқырлы саяхат

Каникул кезінде №34 мектеп-лицейінің оқушылары әлем халықтарының сүйікті кітаптары бойынша керемет әрі сиқырлы саяхатқа аттанды. Бұл сапарда оларға Льюис Кэрроллдың «Алиса ғажайыптар елінде» повесіндегі атақты кейіпкер — Ақ Қоян жолбасшы болды. Саяхат алғашқы кітаптың қалай пайда болғаны, тірі сөздің қалай өлмес мұраға айналғаны және ертегілердің қағаз бетінде өз үйін тапқаны туралы әсерлі әңгімеден басталды. Одан кейін жас оқырмандар әртүрлі елдерге сапар шегіп, бір сәтте-ақ белгілі әдеби шығармалардың ішіне енгендей болды. Балалар көптеген жарқын әсерлерге бөленді: көңілді ойындарға қатысты, жұмбақтар шешті, әдеби сынақтардан өтті және сүйікті кітап кейіпкерлерімен кездесті. Саяхат соңында қатысушылар кітаптардың неге жай ғана беттер мен мұқабалар емес, керісінше ғажайыптарға, шабыт пен қиялға бастайтын нағыз жолбасшы екені туралы өз ойларымен бөлісті.

Share