Тыныштықбек Әбдікәкімов

1953 жылы 20 маусымда бұрынғы Семей облысы, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы құрамындағы Абай ауданы жерінде, Қарауыл ауылында дүниеге келген.

1970 жылы Абай ауданының орталығы – Қарауылда орта мектепті бітірген соң, Кеңес әскерінде радистік қызмет атқарған 1-ші санатты маман. 1973-1989 жылдар аралығында қилы кәсіби мамандықтар (электрик, фрезеровщик, токарь, шофер, киномеханик) оқуын оқып, ауылда жұмыс істеген. 1989-1995 жылдары Н.К. Крупская атындағы Семей педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетінде оқып, тәмәмдаған. 1989-1990 жылдары Семей облыстық мәдениет басқармасының ғылыми методикалық орталығында редактор. 1990-1993 жылдары Абай атындағы республикалық тарихи-мәдени, әдеби мемориалдық қорық мұражайында ғылыми қызметкер, 2007-2008 жылдары республикалық «Алаш үні» газетінде кеңесші қызметін атқарған.

Тыныштықбек Әбдікәкімов өлеңді 14 жасынан бастап жаза бастаған. 1968-1969 жылдары Семейдің №16 мектебінде оқып жүргенде, ұстазы Рәбиға Ахунованың жетекшілігімен алғаш жыр кеші өтіп, педагогикалық институты студенттерімен кездесу өткізген. 1993 жылдан бастап Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. 1993-1998 жылдары Қазақстан Жазушылар Одағы Семей облыстық бөлімшесінде жауапты хатшы қызметін атқарған.

«Ақшам хаттары» («Жалын», 1993, Алматы), «Рауан» («Атамұра», 2000, Алматы), «Алқоңыр дүние» («Фолиант», 2014, Астана), «Бесінші маусым жұпары» («Атамұра», 2017, Алматы) атты жыр жинақтарының авторы. Қаламгердің әлем халықтарына ортақ ежелгі ғарышнамалық қағидалары мен қасиетті ұғымдарды қазақтың ұлттық дүниетанымы арқылы өзінше саралап, сараптауға тырысқан. «Қас Сақ аңқымасы» (1-кітап, «Елорда», Астана), «Қас Сақ аңқымасы» 2-кітап, «Қазығұрт», 2003) атты еңбектері жарық көрген. Бүгінгі таңда аталған еңбектің жалғасын жазуда. Өлеңдері мен өзекті мәселелерге жазылған мақалалары республикалық баспасөзде ұдайы жарияланып тұрады. 1990 жылы жазба ақындардың тұңғыш республикалық мүшайрасының бас жүлдегері. Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың лауреаты, 2001 жылғы Шығыс Қазақстан облысы әкімі сыйлығының лауреаты болды. 2007 жылғы республикалық «Абай әлемі» байқауының «Поэзия номинациясы» бойынша лауреаты. 2010 жылы өткен Халықаралық «Шығыс шынары» атты мүшайрада 1-орынды иеленген. Абай Құнанбайұлының 160 жылдық мерейтойына арналған республикалық жыр мүшайрасының Грант При иегері. Сондай-ақ республикалық деңгейдегі 2006, 2008 жылдардағы екі мүшәйрада үздік атанған. 2003 жылдан бастап Республика Президентінің степендианты. Оның шығармалары бойынша елімізде кандидаттық, докторлық, бірқанша еңбектер қорғалған. Ақынның шығармашылығы 5-11 сынып оқушыларына және жоғарғы оқу орынан түсушілерге арналған «Қазақ әдебиеті. Оқушы анықтамасы» оқу құралының (С.Т.Елікбаев ф.ғ.к.доцент, «Арман – ПВ» баспасы, 2005 ж.) «Тәуелсіз қазақ әдебиеті» бөліміне енгізілген. Өлеңдері испан, қытай, қырғыз тілдеріне аударылған. Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы желтоқсанның 5-дегі Жарлығы бойынша, Қазақстан Рсепубликасының «Ерен еңбегі үшін» медалімен, мемлекеттік Абай қорық мұражайының «Абай» медалімен марапатталған. Тыныштықбек Әбдікәкімов – Ә.Кекілбайұлы, Т.Әбдік, М.Мағауин, Ф.Оңғарсынова, Т.Медетбек, Н.Оразалин бастатқан қазақ әдебиетінің классиктері тарапынан «Қазақ әдебиетіне өзгеше мәнермен ерекше сипат ала келген тағдырлы құбылыс» ретінде бағаланған.

2018 жылы – «Ал қоңыр дүние» атты  өлеңдер жинағы үшін   әдебиет саласы бойынша Қазақстан Республикасының  мемлекеттік  сыйлығының  лауреаты  атанды. Қазір құрметті демалыста.

ШЫҒАРМАЛАРЫ:

  • Әбдікәкімов, Т. Ақшам хаттары [Мәтін]: өлеңдер, балладалар, толғаулар / Т. Әбдікәкімов. – Алматы: Жалын, 1993. – 128 б.
  • Әбдiкәкiмов, Т. Ырауан [Мәтін]: өлеңдер, балладалар, толғаулар / Т. Әбдікәкімов. – Алматы: Атамұра, 2000. – 230 бет.
  • Әбдікәкімұлы, Т. Қас сақ аңқымасы [Мәтін]: өзтаным лұғаты / Т. Әбдікәкімұлы. – Астана: Алматы, 2001-2003.
  • Т. 1. – Астана: Елорда, 2001. – 192 б.
  • Т. 2. – Алматы: Қазығұрт, 2003. – 448 б.
  • Әбдікәкімов, Т. Шығармалары [Мәтін] / Т. Әбдікәкімов; Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігі. – Астана: Фолиант, 2013 – …  – (Алтай-Ертіс кітапханасы)
  • Т. 1.  Ырауан: өлеңдер, балладалар, толғаулар. – 2013. – 344 б.
  • Әбдікәкімов, Т. Алқоңыр дүние [Мәтін]: өлеңдер, балладалар, толғаулар. – Астана: Фолиант, 2014. – 324 б.
  • Әбдiкәкiмұлы, Т. Бесiншi маусым жұпары [Мәтін]: өлеңдер мен толғаулар, поэма мен балладалар.- Алматы: Атамұра, 2017.- 312 бет.

Т. ӘБДІКӘКІМОВ ЖАРИЯЛАНЫМДАРЫ:

  • Әбдiкәкiмов, Т. Күдiгiмнiң уысынан күрең сөздi босатып [Мәтін]: өлеңдер / Т. Әбдікәкімов // Таңшолпан. – 2001. – № 6. – Б. 12-14.
  • Әбдiкәкiмов, Т. Мерей; Қара дала; Жеке қоңыр; Шемен шер [Мәтін]: өдеңдер / Т. Әбдікәкімов // Егемен Қазақстан. – 2002. – 25 сәуiр. – Б. 4.
  • Әбдiкәкiмов, Т. Iшiңнен дыбыстылар бiр пейiш, бетесiнiң тiлiнде де қытық бар!; Меланатомия; Шер; Қыдыр түнi; Өмiр; Тарту, Сайтан; Таң-ертең [Мәтін]: өлеңдер / Т. Әбдікәкімов // Қазақ әдебиетi. – 2004. – 23 шiлде. – Б. 1.
  • Әбдiкәкiмов, Т. Мерей; Түнгi күзет; Көктем; Түсжорыған; Бақ [Мәтін]: өлеңдер / Т. Әбдікәкімов // Егемен Қазақстан. – 2005. – 27 шiлде. – Б. 13.
  • Әбдiкәкiмов, Т. Метамарфоза; Ақпан прозасы; Қыраулы түйсiк; аномалия [Мәтін]: өлеңдер / Т. Әбдікәкімов // Қазақ әдебиетi. – 2006. – 10 ақпан. – Б. 12.
  • Әбдiкәкiмов, Т. Ақ шымылдық пен қара шымылдық арасы; Тобықты Құнанбай – шыңның басына шыққан қайнар бұлақ [Мәтін]: өлең / Т. Әбдікәкімов // Қазақ әдебиетi. – 2008. – 11-17 қаңтар. – Б. 12.
  • Әбдiкәкiмов, Т. Абыз атам – Шәкәрiм [Мәтін]: өлең / Т. Әбдікәкімов; әнi Т. Рахимовтiкi // Егемен Қазақстан. – 2008. – 10 қыркүйек. – Б. 1.
  • Әбдікәкімұлы, Тыныштықбек. Сұлу да сұсты өлең-жыр… [Мәтін] / Т. Әбдікәкімұлы // Жұлдыз. – 2008. – № 8. – С. 179 – 192.
  • Әбдікәкімұлы, Тыныштықбек. Күндерде-күн аққулар ән салғанда сызылтып [Мәтін] : өлеңдер / Т. Әбдікәкімұлы // Ақ Ертіс . – 2011. – № 1. – Б. 11-20 : портр.
  • Әбдiкәкiмұлы, Т. Қара дала [Мәтін] : өлең / Т. Әбдікәкімов // Түркi әлемi. – 2014.-  № 9/10. – Б. 9.
  • Әбдікәкімов, Тыныштық. Мерей [Мәтін] : өлең / Т. Әбдікәкімов // Қазығұрт. – 2015. – №2. – Б. 37 : фот.
  • Әбдiкәкiмов, Т. Абайға [Мәтін] : өлең  / Т. Әбдікәкімов // Қазақ әдебиетi. – 2015. – 7 – 12 тамыз. – Б. 8.
  • Әбдікәкімұлы, Тыныштықбек. …Тәж тоқып жүек нұрынан [Мәтін] : өлеңдер топтамасы / Т. Әбдікәкімұлы // Қазақ әдебиеті. – 2016. – 26 ақпан (№9-10). – Б. 11 : портр. – Библиогр.: 51 б.
  • Әбдікәкімұлы, Тыныштықбек. Көктемгі бір-ақ бүршік қана-қыс құны [Мәтін] : өлеңдер / Т. Әбдікәкімұлы // Қазақ әдебиеті. – 2018. – 13 сәуір (№14). – Б. 14.
  • Әбдікәкімұлы, Тыныштықбек. Карантиннің отыз жетінші күні [Мәтін] : поэзия / Т. Әбдікәкімұлы // Таң-Шолпан. – 2020. – №2. – Б. 5-6 : портр.
  • Әбдікәкімұлы, Тыныштықбек. Адамдарға ғашық болам сәт сайын [Мәтін] / Т. Әбдікәкімұлы // Magjan. – 2021. – №1. – Б. 30-37. : портр.

ОЛ ТУРАЛЫ:

  • Әбдiкәкiмов, Тыныштықбек. // Қазақстан жазушылары ХХ ғасыр [Мәтін]: анықтамалық / құраст.: Е. Дүйсенбайұлы, А. Естен, Қ. Омарұлы. – Алматы, 2004. – Б. 40.
  • Әбдiкәкiмов, Т. // Картаева, Айжан Маратбекқызы. Әдеби өлкетану [Мәтін]: шығыс Қазақстанның қаламгерлері шығармашылығы бойынша: оқу құралы / А. М. Картаева. – Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Берел» баспасы, 2016. – Б. 53.
  • Тебегенов, Темірхан. Өлеңдегі өміршең өрнектер [Мәтін] / Т. Тебегенов // ANA TILI. – 2018. – 16-22 тамыз (№33). – Б. 9.
Share