«Данагөй қария» атты тәрбиелік мәні зор халық ертегісі дауыстап оқылды

«Данагөй қария» атты тәрбиелік мәні зор халық ертегісі дауыстап оқылды

Қарттар мерекесіне орай №43 2-сынып оқушыларына «Данагөй қария» атты тәрбиелік мәні зор халық ертегісі дауыстап оқылды. Іс-шара барысында оқушылар ертегіні мұқият тыңдап, ондағы ақылгөй қарияның даналығы, үлкенді құрметтеу, ақылды сөзге құлақ асу туралы тағылымды ой түйді. Балалар өз ойларын ортаға салып, қариялардың өмірлік тәжірибесі мен ақылын бағалау қажеттігін атап өтті. Бұл іс-шара оқушылардың бойында үлкенді сыйлау, қарттарға қамқор болу, қазақтың тәрбиелік дәстүрлерін қастерлеу сияқты ізгі қасиеттерді қалыптастыруға ықпал етті.

Share