1 қазанда қарттар күніне орай Жұмыспен қамту және әлеуметтік қызмет көрсету орталығында «Жылдармен өрілген махаббат / Сквозь годы с любовью» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде Күләш Бейсенбиеваның «Өмір – өзен, уақыт – керуен», Шайхан Жандаев «Өмір өткелдері», Бек Тоғысаев «Әкең де бала болған», Орис Яшкурова «Жизнь без прикрас», Мағжан Жұмабаев «Пророк», «Женское здоровье» т.б кітаптармен қатар мерзімдік басылымдар таныстырылды. Көрмеде ұсынылған кітаптар мен журналдар қатысушыларға үлкен әсер қалдырды. Шара барысында қатысушыларымызға концерттік номер ұсынылып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Іс-шара соңында қонақтар ризашылығын білдіріп, өз пікірлерімен бөлісті. Қоғамдағы үлкенге құрмет, адамгершілік пен мейірім секілді құндылықтарды дәріптеу бағытында маңызы зор іс-шара болды.



