«Кітапханадағы Қымызхана» бағдарламасы

«Кітапханадағы Қымызхана» бағдарламасы 2024 жылы дүниеге келген болатын. Бұл бағдарламаның мақсаты – тәрбие, отбасы тәжірибесін, қазақ халқының салт-дәстүрін жеткізу. Оқырмандар мен студенттерді тарта отырып, театрландыру және музыкалық сүйемелдеу белсенді түрде қолданылады.


12.11.2025

«Кітапханадағы қымызхана» бағдарламасының кезекті саны КСРО және Қазақ КСР оқу ағарту ісінің,  «ҚР Білім беру ісінің үздігі»,  аңыз әрі абыз педагог Жәдігер Есімханұлы Қазыкеновке арналды.

Шараға Жәдігер Есімханұлын көзін көргендер, шәкірттері, балалары және лицей оқушылары қатысты.

Атап айтсақ:

  • «ЖӘДІГЕРДІҢ МЕКТЕБІ» атты деректі ғұмырнамалық кітаптың авторы – Уәлихан Тоқпатаев,
  • Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Бизнес мектебінің аға оқытушысы – Қазыкенов Аслан Жәдігерұлы,
  • Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық Университетінің ректоры Рахметуллина Сәуле Жәдігерқызы
  • Салтанат Нұрболсынқызы Сүйеубаева – экономика ғылымдарының кандидаты, осы университеттің Бизнес мектебінің профессоры;
  • Университет директорлар кеңесінің мүшесі, ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Жадыра Тұрсынханқызы Қоңырбаева;
  • Нұргүл Советқызы Закарьянова – дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының математика пәнінің мұғалімі;
  • Сол лицейдің тәрбиешілері – Роза Бисақанқызы Сеңкібаева мен Мағира Серғалиқызы Әмренова.;
  • Лицей оқушысы Даулетова Ақсезім – «Білім беруді басқарудағы жаңа бағыттар: Ж.Е.Қазыкенов мұрасы» атты ғылыми жобасын қорғаушы;
  • Ерлан Байжігіт, қалалық «Алтын ұя» білім орталығының негізін қалаушы.
  • «Жан шуағын сепкен Жәдігер ұстаз» атты шара – ұзақ жылдар бойы ұрпақ тәрбиесіне сүбелі үлес қосқан, шәкірт жүрегінен орын алған ұстаз Жәдігер Есімханұлының өнегелі еңбегін ұлықтауға арналды. Іс-шара барысында ұстаздың өмір жолы, білім саласына қосқан үлесі, шәкірттерімен естеліктері және ұстаздық ұстанымы кеңінен таныстырылды.

Бұл кеш ұстазға деген ұрпақтар құрметі, тағзымы деуге болады.

https://www.facebook.com/photo/?fbid=1452396846885937&set=pcb.1452397263552562


01.10.2025

«Кітапханадағы қымызхана» бағдарламасының кезекті саны аңыз адам, құрметті ұстаз Құмаш Нұрғалиевтің 100 жылдығына арналды. «Дәуірдің дара ұстазы» кешіне қаламыздың зиялы қауымы, студенттер қатысты. Атап айтсақ: Құмаш Нұрғалиев атындағы Жоғары колледжінің оқытушысы Татаева Бахтылы Дакеновна, Зайсан ауданының Құрметті азаматы, әділет подполковнигі, Шығыс Қазақстан облысының Құрметті спорт ардагері Қасымов Еркін Мұратқанұлы, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Өскемен қаласы және Зайсан ауданының Құрметті азаматы, КСРО ның  самбо күресінен спорт шебері, Шығыс Қазақстан Университетінің профессоры Атаев Жанәділ Абраманұлы, балалар жазушысы Күлмай Сембаева, Құмаш Нұрғалиевтің шәкірттері Зәуре және Алма Демеубаевалар қатысты. Шараға келген қонақтар Құмаш Нұрғалиев туралы естеліктерімен бөлісіп, жастарға ұлағатты ұстаздың өмірінен көптеген мағлұматтар беріп, болашақта олардың Құмаш Нұрғалиев сынды өз отанын жанындай сүйетін, рухты, еңбекқор болуларына тілектестік білдірді.  Шара барысында ән айтылып, би биленіп, Құмаш Нұрғалиевке арналған өлеңдер оқылды. Кеш соңында кітапхана директорының орынбасары Г. А. Казимова кеш қонақтарын алғыс хаттармен марапаттады.

 

https://www.facebook.com/photo?fbid=1410793901046232&set=pcb.1410794341046188


Share