Кітапханада жазушы, аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген журналисі Айтмұхамбет Қасымовпен шығармашылық кездесу өтті.

Кітапханада жазушы, аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген журналисі Айтмұхамбет Қасымовпен шығармашылық кездесу өтті.

Кітапханада жазушы, аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген журналисі Айтмұхамбет Қасымовпен шығармашылық кездесу өтті. Шараға қаланың зиялы қауым өкілдері, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Журналистика» мамандығының студенттері мен олардың ұстаздары қатысты..

Айтмұхамбет Қасымұлы өзінің балалық, мектеп және студенттік шағы мен «Коммунизм туы», кейіннен «Дидар» газеттерінде қызмет еткен кезін де са5ынышпен еске алды. Өзіне дәріс берген ұстаздарын, ұжымдас әріптестерін, қилы кезде, Совет өкіметі құлаған алмағайып шақтағы баспасөз қызметін кеңінен әңгімеледі. Өз мамандығы жайлы толығырақ білгісі келген студенттердің сұрақтарына қызықты да толымды жауап беріп, нағыз журналистердің қандай болуы керектігі туралы шағын дәріс оқыды.  Шараға келген кеш қонақтары: С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің қазақ, орыс филологиясы және журналистика факультетінің мұғалімдері: Гүлмира Ахметқалиқызы, Айымгүл Сейпутанова осындай мәнді де мағыналы дәрісі үшін Айтмұхамбет ағаға алғыстарын білдірсе, ал Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты ардагер ұстазы Саманова Сағдат Сламбекқызы өзінің мерейтой иесіне арнаған жүрекжарды жырын оқып, жуырда ғана жарыққа шыққан кітабын табыстады. Шара соңында кітапхана директорының орынбасары Гүлжан Ахметбекқызы Казимова жиналғандарға кештің әсерлі өткендігін және  мұндай шаралардың жастарға берері мол екенін атап өтті. Айтмұхамбет Қасымұлы өзінің жаңадан шыққан кітаптарын кітапхана қорына қолтаңбасымен сыйға тартты.

Share