«Денсаулық – зор байлық» атты кітап эстафетасы

«Денсаулық – зор байлық» атты кітап эстафетасы

Бүгін Шәкәрім атындағы №1 орта мектебінде  «Денсаулық – зор байлық» атты кітап эстафетасы өтті. Шарада  3 «Ә» сынып оқушыларын  тек қана кітап әлеміне жақындатып қана қоймай, топтық жұмыс, жылдамдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік алды.

Қатысушылар бірнеше топқа бөлініп, қызықты да көңілді тапсырмаларды орындай отырып, қоржындарын таңдаған кітаптармен толтырды. Балалар нағыз білім марафонынан өтті: «Жоғалған әріптер» станциясында олар жасырылған сөздерді қалпына келтірді, «Пайдалы немесе зиянды?» кезеңінде пайдалы  және  зиянды әдеттерден ажырата білді, ал көңілді «Пантомима» ойында түрлі спорт түрлерін көрсетті. Сондай-ақ «Тазалық алгоритмі» кезеңі де өте танымды болды. Финалдық тапсырма  «Шұғыл көмек тәжірибеде»  оқушыларға күтпеген жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларын меңгерді.

Шара соңында ең көп кітап жинаған команда жеңімпаз атанып, лайықты қошеметке ие болды. Барлық қатысушылар денсаулықтың маңыздылығы туралы көп пайдалы ақпарат алып, эстафетаны жақсы көңіл-күймен аяқтады.

 

Share