Екатерина Емельяновна 1951 жылдың 2 маусымында Беларусь Республикасының Витебск облысына қарасты Орша қаласында дүниеге келген. Мектепті тәмамдаған соң Могилев педагогикалық институтында білім алды. Беларусьтің Городецк кентінде орыс тілі пәнінің мұғалімі болып еңбек етті. Институтты бітіргеннен кейін жолдамамен Қазақстанға қоныс аударып, содан бері Зыряновск қаласында тұрып келеді. Бұл өлкені жүрегіне жақын қабылдап, туған жеріндей көріп кеткен.
Екатерина Емельяновна өлеңді 1976 жылдан бері жазып келеді. Оның поэзиясы жеңілдігімен, әсемдік пен зиялылыққа тән нәзік үнмен ерекшеленеді, әсіресе «әйел» тақырыбына арналған жырлары аса сәтті шыққан. Көп жылдар бойы бастауыш сынып мұғалімі, кейінірек балабақша тәрбиешісі болып еңбек еткен.
Балаларға арналған өлеңдерінің топтамасы да өте көркем. Балабақшада жұмыс істей жүріп, тәрбиеленушілеріне сабақтарды қызықты өткізу мақсатында балаларға арналған көптеген өлеңдер жазған. Жылдар бойы жиналған осы шығармалары ақыры жинақ шығаруға түрткі болып, автор оны «Яблочко на двоих» деп атады. Оның өлеңдері балаларға айрықша ұнайды: тілі жеңіл, ұйқасы үйлесімді, әуезі жұп-жұмсақ. Стилі мен әуені жағынан Барто, Маршак, Михалков секілді классиктердің шығармаларын еске салады.
Екатерина Емельяновна зыряндық талай буын өкілдерін тәрбиелеп өсірген. Көптеген жерлестері оны әлі күнге «екінші анамыз» деп атайды. Ол – әрбір бұйра шашты балақайдың да болмысын қалтқысыз сезіп, әр жанға дер кезінде назарын бөліп, жанын жұбатып, мейірім шуағын сыйлай білетін шынайы ұстаз…
Екатерина Головатая «Заря Востока» газетінде, «Звено Алтая» альманахында, «Бухтарминские радуги» жинағында жиі жарияланып тұрады, «Золотой Тургусун» фестивалінің және көптеген поэзиялық байқаулардың қатысушысы.
Е.Е. Головатая шығармалары:
Головатая, Е. Е. Стихи. Загадки // Солнечный круг [Текст]. – Усть-Каменогорск; Барнаул, 2019. – 400 с.: ил. – С. 114-122.
Головатая, Е. Е. Яблочко на двоих [Текст]: стихи для детей и о детях / Е. Е. Головатая. – Усть-Каменогорск: Шыгыс полиграф, 2017. – 92 с. : ил.