МАКАРИМОВА АЛЬФИЯ НУРМУХАМЕДОВНА
Альфия Нурмухамедовна Макаримова (1976) – ұстаз.
1976 жылы 8 сәуірде Өскемен қаласында дүниеге келген. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген (филология бөлімі орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі және Халықаралық психологиялық ғылымдар академиясын бітірген). Ресей жас жазушыларының халықаралық форумына қатысқан (2006). Балаларға арнап жазатын жас жазушылардың үшінші форумына қатысушы (2006).
Альфия Макаримова – «МУСАГЕТ» қоғамдық қорының әдеби семинарларын тәмамдаған, Қазақстан жас жазушыларының фестиваліне қатысқан (2012). Балаларға арналған ертегілер мен әңгімелердің авторы. Оның ертегілері «Пурипу», «Ақ Ертіс» журналдарында жарық көрді. «Сказочное путешествие в лето» ертегісі — «Кедр» журналында жарияланды.
Қазіргі уақытта Альфия Нурмухамедовна Алматы қаласында тұрады. Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі болып жұмыс істейді.
Әдебиеттер тізімі:
Мерзімді басылымдар мен жинақтардағы жарияланымдары:
Макаримова, Альфия. Чужонки и своёнки // Солнечный круг: писатели Восточного Казахстана – детям: к 100-летию Восточно-Казахстанского литературного объединения «Звено Алтая». – Барнаул; Усть-Каменогорск, 2020. – С. 213-221.
Макаримова, Альфия. Дракон-блондин: рассказы / А. Макаримова // Ақ Ертіс. – 2009. – № 5. – С. 83-97.
Макаримова, Альфия. Сказочное путешествие в лето // Кедр. – 2020. – № 4. – С.20.