Виктория Небогатова 2009 жылғы 9 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Белоусовка поселкесінде дүниеге келген. «Flash» би ансамблінің мүшесі, мектеп олимпиадаларының жеңімпазы, кітап оқуды, қар ойнауды және коньки тебуді жақсы көреді. Алғашқы өлеңдерін, басқа да жүздеген қыздар сияқты, ол күнделігінде сақтайды.
Виктория 2019 жылғы тамызда Малоубинка ауылында «Детское творчество» номинациясы бойынша IV Халықаралық бард-рок фестивалінің лауреаты атанды. «Солнечный круг» облыстық балалар жинағын таныстыруға (А.С.Пушкин атындағы кітапхана), Халықаралық 10-шы «Пушкинді бірге оқимыз» акциясы, «Павел Васильевтің туған күніне» арналған іс-шара, (Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы), және Оралхан Бөкей атындағы кітапханадағы «Мен соғыс туралы өлең оқимын» онлайн акцияларына қатысты.
Виктория «Звено Алтая» әдеби бірлестігі, А.С. Пушкин атындағы кітапхана, Аймақтық өлкетану ақпарат орталығы және Дүниежүзілік жазушылар ұйымының грамоталарымен марапатталған.
2020 жылы Шығыс Қазақстанның жас ақыны Виктория Небогатованың алғашқы өлеңдер жинағы жарық көрді – «Лето на задворочках», бұл жинақ сезімге бай, қуанышты да қайғылы сәттерге толы, адамдарға және қоршаған ортаға деген махаббатқа толы өлеңдерден тұрады.
В. Небогатованың шығармалары:
- Небогатова В. Артқы аулада жаз / В. Небогатова. — Өскемен: ЖШС Аникин Б.П., 2020. — 28 б. суреттер.