Шувалова Светлана Филипповна

Шувалова Светлана Филипповна (1950ж.)

Светлана Шувалова – ақын, прозашы, Ресей Жазушылар одағының мүшесі. 1950 жылы Украинада туған. Өскемен қаласында тұрады. Дәл осы жерде оның еңбек және шығармашылық жолы басталды. Светлана Филипповнаның бала кезінен ең құпия арманы театр еді, ол өзін сахнада елестететін. Алайда өмір өз дегенін жасады. Ол әртіс бола алмады, тағдыр оған музыкант болып, өлең жазуды нәсіп етті. Светлана Шувалова музыкалық училищені бітірді. Балабақшаларда, мәдениет үйлерінде, музыкалық мектептерде жұмыс істеді және шіркеу хорында әнші болды.

Өлеңдерінің тақырыбы бәрін қамтыды: ауа райы, табиғат, алғашқы махаббат. 15 жасында Светлана Филипповна өз өлеңін Михаил Чистяковқа жіберуге шешім қабылдады. Солайша 1966 жылы «Рудный Алтай» газетінде оның алғашқы жарияланымы жарық көрді.

Светлана Филипповнаның лирикасы – бұл жақсылық туралы, өмірдің мәні жайлы, қиындықтарды еңсеру жөніндегі ойтолғаулар; ол — жалғыздық, махаббатты күту, қоштасулар мен қауышулар туралы жүректі тербейтін, жанға әсер ететін жолдар; баршаға деген сүйіспеншілікке толы пейзаждық суреттемелер. Оның поэзиясының басты ерекшелігі – сөздің таңғаларлық жарқындығы мен бейнелілігі. Оның өлеңдерінде «заигрывает с ветром зверобой, кузнечики на скрипках гимны жизни играют день-деньской наперебой…» Светлана Шувалованың өлеңдері ақынның жерлестеріне етене таныс туған табиғаттың көзге жылы көрінетін суреттерін көз алдыға келтіреді. Өміріндегі қиын кезеңдерге қарамастан, Светлана Филипповна ешқашан жазуды тоқтатқан емес. Ол әрдайым өз бойынан күш, шабыт және өмір сүруге, еңбек етіп, шығармашылықпен айналысуға деген құлшыныс таба білді.

Светлана Шувалова – «Алтай звеносы» әдеби бірлестігінің мүшесі, 2003 жылдан бастап Ресей Жазушылар одағының мүшесі.

С. Шувалованың шығармалары «Заря Востока», «Звено Алтая», «Иртыш», «Восток», «Юность», «Нива», «Алтай Изумрудный және басқа да журналдарда жарияланды.

«Записки уличной торговки» атты автобиографиялық повесть – КСРО ыдырау кезеңіндегі уақыттың «сынуы» туралы шынайы да жанды тебірентетін куәлік. «Солнечный круг: Писатели Восточного Казахстана – детям» атты жинаққа балаларға арналған өлеңдері енген.

Шувалова С. шығармалары

Кітаптары:

  • Шувалова, С. Записки уличной торговки: рассказы и стихотворения / С. Шувалова. – Усть-Каменогорск, 2023. – 208: портр. – (Звено Алтая: к 100-летию; т. 29).

С.Ф. Шувалованың жинақтарда және мерзімді басылымдардағы мақалалары:

  • Шувалова, С. Анфас и профиль: пародии-посвящения / С. Шувалова // Звено Алтая. История и современность: к 90-летию Восточно-Казахстанского лит. объединения. – Усть-Каменогорск, 2011. – С. 347
  • Шувалова, С. В город, – где никто не знает! // Алтайские напевы: хрестоматия / С. Шувалова. – Усть-Каменогорск, 2005. – С. 346
  • Шувалова, С. На лужицах искрится первый лед…: стихи / С. Шувалова // Нива. – 2014. – № 11. – С. 36-55.
  • Шувалова, С. Натали / С. Шувалова // Хрестоматия по региональной литературе Восточного Казахстана: для учащихся 5-11 классов общеобразовательных школ. – Усть-Каменогорск, 2012. – 227 с.
  • Шувалова, С. Падаю в бесконечность: стихи / С. Шувалова. – // Простор. – 2015. – № 8. – С. 58-60.
  • Шувалова, С. Слёзки про запас. Про девочку Алёнку и даму с собачонкой. День рожденья / С. Шувалова // Солнечный круг: Писатели Восточного Казахстана – детям. – Усть-Каменогорск, 2019. – С. 354-387.
  • Шувалова, С. Сожжены все мосты: стихи / С. Шувалова // Ақ Ертіс . – 2010. – № 6. – С. 61-64.
  • Шувалова, С. Сожжены все мосты: стихи / С. Шувалова // Простор. – 2016. – № 12. – С. 128-129.
  • Шувалова, С. Стихотворения / С. Шувалова // Алтай Изумрудный. № 1. – Усть-Каменогорск, 2022. – С. 92
  • Шувалова, С. Стихотворения / С. Шувалова // Соколов, В. В. Избранное: музыка на стихи поэтов “Звена Алтая”: к 100-летию лит. объединения “Звено Алтая” / В. В. Соколов. – Усть-Каменогорск, 2021. – С. 87-92.
  • Шувалова, С. Экспромт: стихи / С. Шувалова. // Нива. – 2012. – № 6. – С. 67-69.
  • С.Ф. Шувалованың өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер:
  • Алтай Изумрудный: независимый литературно-художественный журнал. № 1. – Усть-Каменогорск, 2022. – С.87.
  • Воронова, В. Светлана Шувалова // Шувалова, С. Записки уличной торговки: рассказы и стихотворения / С. Шувалова. – Усть-Каменогорск, 2023. – С. 4. – (Звено Алтая: к 100-летию ; Т. 29).
  • Славен город людьми: к 300-летию города Усть-Каменогорска. – Усть-Каменогорск, 2021. – С. 33-35.
Share