«Шоқан: Ақыл мен ақиқат жолында» атты тағылымдық шара өтті

«Шоқан: Ақыл мен ақиқат жолында» атты тағылымдық шара өтті

Құрметті оқырман, заттың бағасына емес, оның суреті мен мәніне қарап таңдау жасайтын жанды білесіз бе? Міне, сондай ерекше мүсіншелер мен сирек кездесетін кітаптарды жинақтайтын жандардың бірі –  Шоқан Уәлиханов. Осы атаулы тұлғаның 190 жылдық мерейтойына орай «Шоқан: Ақыл мен ақиқат жолында» атты тағылымдық шара өтті. Қатысушылар Шоқанның еңбектеріне арналған бейнематериалды тамашалап, ұйымдастырылған кітап көрмесі арқылы оның шығармалары және ол жайлы зерттеулермен танысты. Қатысушылар «Ыстықкөл аясындағы жазбалар» атты шығармасынан ғалымның зерттеушілік таланты мен көркем тілді қатар меңгергенін сезіне алды. Бұған қоса «Сырлы сөз», «Зерттеушінің күнделігі», «Шоқанға хат» сияқты шығармашылық тапсырмаларды орындады.

Share