Балаларға арналған Жаңа жыл мерекесі

Балаларға арналған Жаңа жыл мерекесі

Балаларға арналған Жаңа жыл мерекесі — тосынсыйларға, көңілді ойындарға, әндер мен сыйлықтарға толы сиқырлы ертегі. Бұл оқиғада басты кейіпкерлер — Аяз ата мен Ақшақар ертегілік кедергілердің салдарынан балаларға бірден жете алмады.

Осындай ғажайып ертегіні кітапхана қызметкерлері «Калейдоскоп» балабақшасының бүлдіршіндеріне сыйлады. Балалар қуана-қуана ойынға араласып, болып жатқан оқиғаларға шын жүректен сеніп, барлық кедергілерді еңсеруге тырысты. Ал бұл жолда оларға Жаңа жылдың символы — Жылқы және тәртіп сақшылары көмек көрсетті.

Міне, нағыз ғажайып сәт те туды! Балалардың, Жылқы мен тәртіп сақшыларының бірлескен күш-жігерінің арқасында Аяз ата сүйікті немересі Ақшақармен бірге мерекеге жетті. Олар бірге шыршаны жағып, жаңа жылдық әндерді шырқап, би биледі. Ал мерекенің соңында, әрине, барлық балалар көптен күткен Аяз Атаның жарқын, тәтті әрі нағыз жаңа жылдық сыйлықтарына ие болды.

 

Share