«Ульба»

«Ульба»

ШҚ облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы әдеттегідей «Ульба» сауықтыру орталығының тәрбиеленушілерімен ашық аспан астында кездесті. Қатысушылар ертегілер әлеміне сапар шегіп, «Пысық құлан» атты ағылшын тілінен аударылған ертегімен танысты. Ертегі кейіпкерлері қой, ешкі, тауық, мысық, ит, жайлы қойылған сұрақтарға жарыса жауап беріп, өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, кітапхана қорындағы ашылмалы кітапшаларды қызықтады. Кездесудің соңында «Пысық құлан» ертегісінің кейіпкерімен би билеп, көңілді тарқасты.

Share

Пікір үстеу