«Жолдағы кітаптар сапары»

«Жолдағы кітаптар сапары»

Библиотуризм аясында өткізілген «Жолдағы кітаптар сапары» акциясы бұл жолы «БелАлекс» фирмасының қолдауымен теплоходта өтті. Кеме жолаушылары үшін шығысқазақстандық жазушылар Кәмшат Нұғыманова мен Елена Липилинаның акцияға қатысуы тосынсый болды. Олар өз шығармаларынан үзінділер оқып, шеберлік сабақтарын өткізді. «Өлеңнен кейін» (шеберлік сағатының бірі осылай аталады) қатысушылардың кез-келгені ақын ретінде өздерін сынап көрді. Кітапхана өзінің үздік оқырмандарын да қуантуды шешті: олардың ішіндегі ең белсенді бесеуіне теплоходқа билет табысталды. Сапар барысында жолаушылар теңіз, су, суды мекен етушілер туралы кітаптармен танысты, әдеби ойындар ойнады, кроссвордтар шешті. Жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы акцияға белсене қатысып, қолдау көрсетті. Акция соңында әр қатысушыға сыйлық ретінде кітаптар тарту етілді.

Share