Жасөспірімдер кітапханасының сөресі қалам ұшынан «Тоты аралының тұрғыны», «Өмір сүру ережесі» атты туындылар туындатқан жазушы, Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты Гүлзат Шойбековның «Тұғрылханның Көк Туы» атты шығармасымен толығып отыр. Айтар ойы астарлы, шымыр шығармада шынығып өскен қазақ балаларының кешегі-бүгінгі әртүрлі тағдыр-талайлары, болмыс-бітімі шынайы суреттеледі.