«Жасыл дәптер» әңгімесі

«Жасыл дәптер» әңгімесі

ТМД халық шығармашылығы және мәдени мұра жылы аясында ұйымдастырылған «Сөз құдыреті. Живое слово» атты облыстық бір мезгілде дауыстап оқу акциясына «Библиоша» оқу академиясы да қатысты. Беларусь жазушысы Валерий Кастрючиннің «Желаяқ қоян және оның достары» атты әңгіме –повесть кітабынан «Жасыл дәптер» әңгімесін оқушылар кезекпен оқыды. Оқушылар шығарма бойынша қойылған сұрақтарға мысалдар келтіре отырып жауап берді. Сондай-ақ, ертегінің соңын өз беттерінше жалғастыруға тырысып, қиялдарын дамытты.
Дауыстап оқу бала тілінің дамуына, өз ойын айта білуге, еске сақтау қабылеттерін дамытуға көмектеседі, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттырады.
Share