«Мемлекеттік тіл – менің тілім»

«Мемлекеттік тіл – менің тілім»

Кітапхана қызметкерлері қаламыздағы «Ұлттық ұлан 6699» әскери бөлімінің сарбаздары арасында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты интеллектуалдық ойын ұйымдастырды. Аталмыш сөз сайысы 5 кезең бойынша өткізілді. Әр кезеңде сөзге мерген, тілге шешендіктерін байқатқан қатысушылар тапсырма бойынша Құнанбай мен бала Абайдың рөлінде шағын сюжеттік қойылым қойды. Сондай-ақ, қазақтың ұлттық тағамдары туралы да ақпараттар беріліп, шара көрермендері бауырсақтан дәм татты.

Кітапхана қорындағы қазақ тілінің тарихы, қазақ тіл білімінің зерттелуі туралы кітаптар мен мерзімді басылымдарда жарық көрген мақалалар да көпшілік назарына ұсынылды.

#Ұлттық_ұлан_сарбаздары #мемлекеттік_тіл_менің_тілім #шқобжк #вкодюб

Share