Достықтың шаңырағы – Қазақстан

Достықтың шаңырағы – Қазақстан

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында кітапхана қызметкерлері Өскемен қаласы білім басқармасының «№49 орта мектебі» КММ-де болып «Достықтың шаңырағы – Қазақстан» атты мерекелік шарасын өткізіп қайтты. Шараға қаламыздағы Достық үйінің әзірбайжан, поляк, еврей ұлттық-мәдени орталықтарындағы ұлт өкілдері шақырылды. Сондай-ақ, «Ақ ниет» әжелер алқасының мүшелері де шараның құрметті қонағы болып, өз өнерлерін көрсетті. Кітапхана қызметкерлері өскелең ұрпаққа Тәуелсіз елімізде тұратын ұлттардың салт-дәстүрі мен мәдениеті, тілі мен діні, ұлттық ерекшеліктерінен ақпараттар беріп, сол ұлттардың ойындарын ойнатты. Бұндай шаралардың жиі болуы оқушыларды өз елін сүюге, өз халқын қадірлеуге және бейбіт өмір сүруге тәрбиелеуге шақырады.
Share