Мен – елімнің ертеңі

Мен – елімнің ертеңі

Өскелең ұрпақтың көп кітап оқып, білімді болуына ықпал ету қаншалықты маңызды болса, олардың салауатты өмір салтын ерте жастан ұстануларына да ықпал ету соншалықты жауапкершілікті талап етеді. Өйткені, бүгінгі дені сау ұрпақ – ертеңгі ел қорғаны, мықты азамат.
Біздің оқырмандарымыз 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесі қарсаңында түрлі спорттық ойындардан өзара сайысқа түсті. Жарыс барысында әр оқушы өз белсенділігімен, шапшаңдығымен, шыдамдылығымен ерекшеленіп, көңілді әуенге би биледі. Ойын соңында кітапхана қорындағы ерлік пен елдікті, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін кітап көрмесімен танысып, ел қорғаған батырлар жайлы мол ақпарат алды. Білімі мен білегінің күші басым болған оқушылар қол күрес, пресс жаттықтыру, жеңіл атлетика түрлері бойынша марапатталды.
Share