Кітапханамызда «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы туралы қызықты ақпараттарды көпшілік оқырманға жеткізу мақсатында «Өткеннің қазынасы – болашаққа» атты виртуальды саяхат ұйымдастырылды. Мәдениет саласының үздігі, музей-қорығының директоры Сарыбасов Алмас Тілеужанұлы оқырмандарға Еуразия Ұлы даласының кіндігі – Алтай жерінде орналасқан Берел қорығының таңғажайып сұлу табиғаты және көне жәдігерлері, этно-мәдениеті туралы әңгімелеп берді. Шараға қатысушылар ежелгі сақ қорғандарынан табылған алтын артефактілер, біздің дәуірімізге дейінгі VIII-III ғасырларда Алтай тау жүйесінде үстемдік еткен скиф өркениетінің жәдігерлері, сақ қорғандарынан табылған құнды дүниелерін тамашалау мүмкіндігіне ие болды. Шара барысында қатысушыларға кітапхана қорындағы өлке табиғаты мен тарихын, әдебиеті мен мәдени өмірі жайлы баяндайтын кітап көрмесі таныстырылды. Сондай-ақ, kahoot бағдарламасы арқылы бүгінгі тақырыпқа сай тест тапсырмаларын қызыға орындаған оқушылар шара ұйымдастырушылары мен спикеріне өз ризашылығын білдіріп, көңілді тарасты.