Жолбарыс патшалығы

Жолбарыс патшалығы

29 шілде күні Халықаралық жолбарыс күніне орай, «Читающие дома» жобасының қатысушылары «жолбарыс патшалығында» қонақта болды. Кітапханашылар балаларға жолақты жыртқыш және оның тіршілік ету ортасы туралы көптеген қызықты деректерді әңгімелеп, жыртқыштың таңғажайып әлемі туралы тақырыптық әдебиеттермен таныстырды, Сырбай Мәуленовтың «Жолбарыс», Наталья Калединаның «В Индии тигры живут и в Сибири», «Бенгальские белые тигры», Зоя Крепстің «Амурский тигр – царь тайги», Антон Кухтиннің «Тигр в зоопарке», Рита Лященконың «Полосатое совершенство» атты өлеңдері оқылды. Шараға қатысушы жасөспірімдерді А. Сопыбековтың «Жолбарыс» атты аңызы қызықтырса, бүлдіршіндер «Жолбарыс пен тышқан», «Жолбарыстың өнер үйренуі» және т. б. ертегілерді қуана оқыды. Жас натуралистер «жолбарыстың» жұмбақтарын оңай шешіп, көңілді ойындарға, байқауларға және «Битва тигров», «Полосатый рейс», «Самый длинный хвост тигриный» атты викториналарға қатысып, шара соңында қатысушылар Е.Успенскийдің «Вышел тигр погулять» әнін бірге шырқады.

Share