Тіл үйірмесінің сабағы қазақ әдебиетінің ұлы классигі, өз заманының философы әрі ағартушысы Абай Құнанбаевқа арналды. Сабақ басында балалар белгілі ақынның өмірбаянымен, оның шығармашылық еңбектерімен қысқаша танысты, кітап шығармаларының шағын көрмесіне қатысты, олардың үзінділерін қазақ, орыс, ағылшын және тіпті неміс тілдерінде оқыды, бірнеше зияткерлік тапсырмаларды орындайтын топтық ойынға қатысты. Соңында, біздің оқырманадарымыз Абай өлеңдерінің негізінде түрлі-түсті эскиздер жасап, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетуге шақырылды.