Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (10.08.1845– 05.07.1904)

Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер – Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей уезі) Абай ауданында Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келді. Абай атақты Тобықты руының Ырғызбай деген тобынан тарайды.

Болашақ ақын сабырлы мінезімен, кең пейілімен ел анасы атанған кәрі әжесі Зеренің таусылмайтын мол қазынадай аңыз ертегілерін естіп өсті. Анасы Ұлжан да шешен болған, сөз қадірін білетін ортада өскен кісі.

Абай әуелі ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа толған соң 3 жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды. Құрбыларынан анағұрлым зейінді бала оқуға бар ықыласымен беріліп, үздік шәкірт атанады. Ол енді дін оқуын ғана місе тұтпай, білімін өз бетінше жетілдіруге ұмтылады. Сөйтіп көптеген шығыс ақындарының шығармаларымен, араб, иран, шағатай (ескі өзбек) тілінде жазылған ертегі, дастан, қиссалармен танысады. Медресенің үшінші жылында Абай Семей қаласындағы «Приходская школаға» да қосымша түсіп, онда 3 ай орысша оқиды. Абайдың басқа балалардан алымдылығын аңғарған Құнанбай оны елге шақырып алып, өз жанына ертіп, әкімшілдік-билік жұмыстарына араластырмақ болады. Сөйтіп 13 жастағы Абай ел ісіне араласады. 

Абай бір жағынан шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, Жәми, тағы басқаларды оқыса, екінші жағынан А.С. Пушкин, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков-Щедрин, Н.А. Некрасов, М.Ю. Лермонтов, Л.Н. Толстой, И.А. Крылов, Ф.М. Достоевский, И.С. Тургенов, Н.Г.Чернышевский мұраларын оқып, терең таныс болған, Батыс әдебиетінен Гете, Дж. Байрон сияқты ақындарды оқып, түрлі ғылым салалары бойынша зерттеулер жүргізілді. Есейген шағында, осы өзі оқыған философ, ақын, ғалымдармен тең дәрежеде пікір таластырып, олардың ішінен ірі ақындардың өзіне әсері болған кесек туындыларын қазақ тіліне аударған.

Абай үш әйел алған. Бәйбішесі Ділдәдан-Ақылбай, Әбдірахман, Күлбадан, Әкімбай, Мағауия, Райхан; екінші әйелі Әйгерімнен – Тұрағұл, Мекайыл, Ізкайіл, Кенже, барлығы 7 ұл, 3 қыз сүйген. Келіндей алған әйелі Еркежаннан – ұрпақ, көрген жоқ.

Абай шығармашылығы.

Абай өлең жазуды 10 жасында («Кім екен деп келіп ем түйе қуған…») бастаған. Одан басқа ертеректе жазылған өлеңдері – «Йузи-рәушән», екіншісі – «Физули-Шөмси». Өлеңдерін қағаз бетіне 80-жылдардың ортасында түсіре бастайды. «Сап, сап, көңілім», «Шәріпке», «Абыралыға», «Жақсылыққа», «Кең жайлау» өлеңдері 1870-80 жылдар аралығында жазылған. Ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы – «Қансонарда» 1882 жылы жазылған.

Абайдың өлеңдерінің ішінде мазмұны жағынан да, көркемдік бітімі жағынан да ерекшеленіп тұрған үздік туындылар мол. «Сегіз аяқ», «Сен мені не етесің», «Қан сонарда бүркітші шығады аңға», «Калың елім, қазағым, кайран жұртым», «Жаз», «Желсіз түнде жарық ай», «Болыс болдым, мінеки», «Қызарып, сұрланып», «Келдік талай жерге енді», «Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?», «Көк тұман – алдыңдағы келер заман» секілді өлеңдерінің қай-қайсысын алсақ та, мүлде тың дүние, шығармашылық жаңалық. Бұларға қоса «Ем таба алмай», «Ата-анаға көз қуаныш», «Сағаттың тықылдағы емес ермек», «Нұрлы аспанға тырысып өскенсің сен», «Ауру жүрек ақырын соғады жай», «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес», аударма өлеңдерден «Жалғыз жалау жалтылдап», «Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз», «Қанжар», «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын» сияқты тағы сан алуан шығармаларды атауға болар еді.

Абайдың жылдың төрт мезгілін суреттейтін «Қыс», «Күз», «Жаз», «Жазғытұры» секілді бір топқа, циклге жататын өлендері 1886-1890 жылдары жазылған.

Қазақ поэзиясында өміршіл, дауылпаз романтизмнің өкілі – Абай болды. Оның романтизмі 1890 жылдан бастап күш алады. «Жалау», «Жартас», «Асаутой, тентек жиын, опыр-топыр», «Дұға», «Тұтқындағы батыр», «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын», «Теректің сыйы», «Күлімсіреп аспан тұр», «Махаббат, достық қылуға», «Жарқ етпес қара көңілім не қылса да», «Көңілдің күйі тағы да» сияқты өлеңдері, махаббат жайындағы жырлары, философиялық мазмұндағы басқа да өлеңдері романтизм рухында жазылған.

Сондай-ақ өлең, ән-күйдің мәнін, ақындық өнердің қасиетін бағалайтын, тақырыбы жағынан бір-біріне жалғас «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы», «Біреудің кісісі өлсе, қаралы-ол», «Мен жазбаймын, өлеңді ермек үшін, «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа», «Өзгеге көңілім тоярсың», «Адамның кейбір кездері» деген шығармалары да ойды әр қырынан өрбітуі, бейнелеу, айту ерекшелігі бойынша бір бірінен өзгеше сипатталған.

А.С. Пушкин. М.Ю. Лермонтов. т.б. ақындардың шығармаларын шеберлікпен аударып, қазақ әдебиетін жаңа ой орамымен байытты. Пушкиннің «Евгений Онегинінен» бірнеше үзінді-нұсқаларды таңдап алып, «Татьянаның хаты», «Ленскийдің сөзі» атты өлеңдерін шығарды. Лермонтовтың «Ой», «Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз», «Қанжар», «Теректің сыйы», «Асау той, тентек жиын, опыр-топыр», «Жартас», «Өзіңе сенбе, жас ойшыл», «Альбомға» өлеңдерін қазақтың төл туындысынша сөйлетті.

Абай «Масғұт», «Ескендір», «Әзім» поэмаларын жазған. Олардың үшеуі де шығыс халқына ортақ сюжетке құрылған. Бұларға қоса, ол Лермонтовтың «Вадим» атты көлемді прозалық шығармасын және «Демон» поэмасын өлеңмен аударған. Бұл екі аудармасы мен «Әзім» поэмасы бізге толық жетпеген.

1885 жылы жазылған «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңін ізденуші Абай, ең алдымен, өзін жаңа үлгідегі ақын етуге жәрдемші болатын ғылымның жайын сөз етсе, 1886 жылы жазған – «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» -өлеңінде ақын өз халқының сол кездегі тарихи трагедиясын жырлады.

Алғашы көп тақырыпты, мол өлеңдер жазған жылдың ішінде Абайдың бір топ өлеңі жастарға арналған. «Интернатта оқып жүр», «Ғылым таппай мақтанба», «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат», «Бір дәурен кемді күнге» деген шығармалардың бәрі де – өсиетші, сыншы ұстаз ақынның жас буынға арнап айтқан сөздері. Солардың ішінде, әсіресе Абай шығармасына үлкен жаңалық қосатын өлең – «Интернатта оқып жүр».

Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі – қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) – ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық алты бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың қара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды. Оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан “Абай” журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.

А. Құнанбаевтың шығармалары:

  • Құнанбаев, Абай. Ата ақылы [Мәтін] / А. Құнанбаев. – Алматы: Балауса, 1994. – 13 б.
  • Құнанбаев, Т. А. Әкем Абай туралы [Мәтін] / Т. А. Құнанбаев; ред. С. Бақтыгереев; алғы сөзін жазған М. Мырзахметұлы. – Алматы: Ана тілі, 1993. – 56 б.
  • Құнанбаев, Абай. Дүниеде, сірә, сендей маған жар жоқ [Мәтін]: өлең / А. Құнанбаев. – Алматы: Жалын, 1990. – 128 б.
  • Құнанбаев, Абай. Екі томдық шығармалар жинағы [Мәтін]. 1-т. Өлеңдер мен поэмалар / А. Құнанбаев. – Алматы: Жазушы, 1986. – 304 б.
  • Құнанбаев, Абай. Жыл мезгілдері [Мәтін]: өлең / А. Құнанбаев. – Алматы: Жалын, 1991. – 15 б.: сур. – (Тілашар).
  • Құнанбаев, Абай. Көңілімнің санасы [Мәтін]: лирика / А. Құнанбаев. – Алматы: Олжас кітапханасы, 2012. – 180 б. – (Әлем әдебиетінің классиктері).
  • Құнанбаев, Абай. Қалың елім, қазағым… [Мәтін] : өлеңдер / А. Құнанбаев. – Алматы : Атамұра, 2002. – 224 б. : портр. – (Атамұра кітапханасы).
  • Құнанбаев, Абай. Қара сөз = Книга слов [Мәтін]: поэмалар / А. Құнанбаев; ауд.: К. Серікбаева, Р. Сейсенбаев. – Алматы: ЕЛ, 1993. – 272 б.: суретті. – Кітап қазақ, орыс тілдерінде.
  • Құнанбаев, Абай. Қара сөздер [Мәтін] / А. Құнанбаев. – Астана: Аударма, 2002. – 100 б. – (Даналық дәрістері).
  • Құнанбаев, Абай. Қара сөздер [Мәтін] / А. Құнанбаев; ред. Е. Ералы. – Алматы: Өнер, 2006. – 124 б.
  • Құнанбаев, Абай. Қара сөз = Книга слов [Мәтін] / А. Құнанбаев. – Семей: Халықаралық Абай клубы, 2007. – 384 б. – (“AMANAT” журналының кітапханасы).
  • Құнанбаев, Абай. Қарасөз = Книга слов = Book of words [Мәтін] / А. Құнанбаев ; ауд.: К. Серикбаева, Ю. Кузнецов. – Семей : Международный клуб Абая, 2009. – 338 б. – (Библиотека журнала “AMANAT”).
  • Құнанбайұлы, Абай. Қара сөз [Мәтін] / А. Құнанбайұлы. – Алматы : Көшпенділер, 2011. – 184 б.
  • Құнанбаев, Абай. Қара сөз [Мәтін] = Книга слов : орыс тіліне ауд. / А. Құнанбаев ; ауд.: К. Серікбаева, Р. Сейсенбаев. – Алматы : Атамұра, 2016. – 200 б.
  • Құнанбаев, Абай. «Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла…» [Мәтін] / А. Құнанбаев. – Алматы : Алматыкітап баспасы, 2014. – 216 б. : суретті. – (Мектеп кітапханасы).
  • Құнанбаев, Абай. Өкінішті көп өмір кеткен өтіп… [Мәтін] : өлеңдер, поэмалар, қара сөздер / А. Құнанбаев. – Алматы : Раритет, 2008. – 384 б. – (Жыр жауһары) (“Алтын қор” кітапханасы).
  • Құнанбаев, Абай. Өлең-сөздің патшасы [Мәтін]: шығармаларының бір томдық жинағы / А. Құнанбаев. – Алматы: Дәуір, 2006. – 568 б.: портр. – (“AMANAT” журналының кітапханасы).
  • Құнанбаев, Абай. Өлеңдер, поэмалар, аудармалар, қара сөздер [Мәтін] / А. Құнанбаев. – Алматы : Мектеп, 2007. – 248 б. – (Жетінші сөз / Сер. көркемдеген А. Таловиков).
  • Құнанбайұлы, Абай. Сен де бір кірпіш дүниеге [Мәтін] : өлеңдер мен қарасөздер / А. Құнанбайұлы. – Алматы : Атамұра, 2014. – 288 б. – (“Атамұра” мектеп кітапханасы).
  • Құнанбаев, Абай. Шығармалар [Мәтін]: өлеңдер мен аудармалар / А. Құнанбаев. – Алматы: Мөр, 1994. – 416 б.
  • Құнанбаев, Абай. Шығармалары [Мәтін]. 1-т. Өлеңдер мен аудармалар / А. Құнанбаев. – Астана : Фолиант , 2011. – 456 б. : портр. – (Алтай-Ертіс кітапханасы).
  • Құнанбайұлы, Абай. Шығармалары [Мәтін]. 2-т. Өлеңдер мен аудармалар, поэмалар, қара сөздер / А. Құнанбайұлы. – Астана : Фолиант, 2013. – 448 б. : портр. – (Алтай-Ертіс кітапханасы).
  • Құнанбаев, Абай. Шығармаларының екі томдық толық жинағы [Мәтін]. 1 т. Өлеңдер мен аудармалар / А. Құнанбаев. – Алматы : Жазушы, 1995. – 336 б.
  • Құнанбаев, Абай. Шығармаларының екі томдық толық жинағы [Мәтін]. 2 т. Өлеңдер мен аудармалар, поэмалар, қара сөздер / А. Құнанбаев. – Алматы : Жазушы, 1995. – 384 б.
  • Құнанбаев, Абай. Шығармаларының екі томдық толық жинағы [Мәтін]. 1 т. Өлеңдер мен аудармалар / А. Құнанбаев. – Алматы: Жазушы, 2002. – 296 б. –
  • Құнанбаев, Абай. Шығармаларының екі томдық толық жинағы [Мәтін]. 2 т. Өлеңдер мен аудармалар / А. Құнанбаев. – Алматы: Жазушы, 2002. – 336 б.
  • Құнанбаев, Абай. Шығармалары [Мәтін] / А. Құнанбаев. 1-т. – Астана : Фолиант, 2018. – 400 б. : портр. – (Рухани жаңғыру) (Абай әлемі).
  • Құнанбаев, Абай. Шығармалар жинағы [Мәтін] : өлеңдер мен аудармалар, поэмалар / А. Құнанбаев. – Алматы : Өлке, 2014. – 512 б. : портр. – (Жасөспірімдер кітапханасы).
  • Құнанбаев, Абай. Хикмет кітәбі = Книга мудрости = Book of wisdom [Мәтін] / А. Құнанбаев . – Алматы : Халықаралық Абай клубы, 2011. – 568 б. : суретті. – (“Аманат” журналының кітапханасы).
  • Құнанбаев, Абай. Ішім өлген, сыртым сау [Мәтін] : өлеңдер, қара сөз / А. Құнанбаев. – Алматы : Халықаралық Абай клубы, 2017. – 200 б. – (Менің 100 Кітабым).
  • Құнанбаев, Абай. Абайдың он төртінші қарасөзі [Мәтін] / А. Құнанбаев // Bala Bi. – 2019. – № 11. – Б. 8-9 : портр. – (Ұлттық тәрбие негіздері).
  • Құнанбаев, Абай. Жетінші сөз [Мәтін] / А. Құнанбаев // Дәстүр. – 2010. – №8. – Б. 3.
  • Құнанбаев, Абай. Отыз сегізінші қарасөз [Мәтін] / А. Құнанбаев // Ана тілі. – 2010. – 6-12 қазан (№40). – Б. 1; 5.

А. Құнанбаев туралы әдебиеттер:

  • Абай [Мәтін]: энциклопедия / бас ред. Р. Н. Нұрғалиев. – Алматы: Атамұра, 1995. – 720 б.
  • Абай [Мәтін] / ред. Қ. Байғабылова ; құраст. П. Қ. Бисенбаев. – Алматы : Аруна Ltd, 2015. – 24 б. – (Даңқты адамдар).
  • Абай (1845-1904) [Мәтін] / ред. Қ. Байғабылова ; құраст. П. Бисенбаев. – Алматы : Аруна, 2017. – 24 б. – (Даңқты адамдар).
  • Абай әуендері [Мәтін] : альбом / құраст. Х. Тілемісов. – Алматы : Қайнар, 1995. – 304 б.
  • Абай [Мәтін]: әдеби-көркем журнал. № 2. – Алматы: Дәуір, 1992. – 96 б.
  • Абай [Мәтін]: әдеби-көркем журнал. № 3. – Алматы: Дәуір, 1992. – 96 б.
  • Абай. Пушкин [Мәтін] : өлеңдер, арнау өлеңдер / құраст. С. Мансурова. – М. : Русский раритет, 2006. – 312 б.
  • Абай және мен [Мәтін] // Айгөлек. – 2009. – № 1. – Б. 8 – 9.
  • Абай тілі сөздігі [Мәтін] / ред., алғы сөз авт. А. Ысқақов. – Алматы : Өнер, 2011. – 616 б. – (Мәдени мұра).
  • Абайдың әндері мен күйлері [Мәтін] = Песни и кюи Абая / құраст. Н. Нүсіпжанов. – Алматы : Өлке, 2012. – 132 б.
  • Абайтану. Махамбеттану [Мәтін] : ғылыми-әдістемелік жинақ. – Алматы : Қазақ университеті, 2012. – 100 б.
  • Анастасьев, Н. А. Абай. Самғау салмағы [Мәтін] : орыс тілінен ауд. / Н. А. Анастасьев ; ауд. Ж. Ысмағұлов. – Астана : Аударма, 2010. – 472 б.
  • Асабаев, З. Бір тұщы, бір ащы [Мәтін] / З. Асабаев // Мәдениет. – 2008. – №11. – Б. 42 – 44. – (Ғұмырдария).
  • Әлемнің Абайы Қазақтың дана ойы [Мәтін] : ғылыми, танымдық мақалалар мен көсемсөздер. – Семей : Интеллект, 2014. – 358 б.
  • Әуезов, М. О. Абай Құнанбаев [Мәтін] : монографиялық зерттеулер мен мақалалар / М. О. Әуезов. – Алматы : Санат, 1995. – 320 б.
  • Әуезов, М. О. Абайды білмек парыз ойлы жасқа [Мәтін] / М. О. Әуезов. – Алматы: Санат, 1997. – 416 б.
  • Әуезов, М. О. Абайтану дәрістерінің дерек көздері [Мәтін]: әдеби-сын / М. О. Әуезов. – Алматы: Санат, 1997. – 448 б.
  • Әуезов, М. О. Әдебиет туралы = О литературе [Мәтін] / М. О. Әуезов. – Алматы: Санат, 1997. – 304 б.
  • Әуезов, М. Таңдамалы = Избранное [Мәтін]: монография, зерттеулер, мақалалар, сөздер, баяндамалар, хаттар / М. Әуезов. – Алматы: Қазақ энцикклопедиясы, 1997. – 512 б.: портр. + [8] п. фото.
  • Әуезов, М. О. Шығармаларының елу томдық толық жинағы [Мәтін]. 15-т. Мақалалар, зерттеулер, пьесалар. 1937-1940. / М. О. Әуезов. – Алматы : Дәуір: Жібек жолы, 2014. – 392 б.
  • Әуезов, М. О. Шығармаларының елу томдық толық жинағы [Мәтін]. 27-т. Мақалалар, зерттеулер, пьеса / М. О. Әуезов. – Алматы : Жібек жолы, 2007. – 448 б. : портр.
  • Әуезов, М. О. Шығармаларының елу томдық толық жинағы [Мәтін]. 30-т. Мақалалар, зерттеулер, аударма. 1949-1952 / М. О. Әуезов. – Алматы : Жібек жолы, 2007. – 426 с. : портр.
  • Әуезов, М. О. Шығармаларының елу томдық толық жинағы [Мәтін]. 32-т. Мақалалар, киносценарийлер: 1951-1954 / М. О. Әуезов. – Алматы : Жібек жолы, 2008. – 412 б : портр.
  • Әуезов, М. О. Шығармаларының елу томдық толық жинағы [Мәтін]. 35-т. Мақалалар, зерттеулер: 1956-1957 / М. О. Әуезов. – Алматы : Жібек жолы, 2008. – 416 б : портр.
  • Әуезов, М. О. Шығармаларының елу томдық толық жинағы [Мәтін]. 44-т. Баяндамалар, пікірлер, сөздер, лекциялар, зерттеу (1950-1960) / М. О. Әуезов. – Алматы : Жібек жолы, 2010. – 320 б.
  • Баймурзин, М. Жарым да, сырым да – Ақсуат [Мәтін] / М. Баймурзин ; ред. М. Зүкенұлы. – Семей : Үш биік, 2009. – 188 б.
  • Елеукенов, Ш. Әдебиет және ұлт тағдыры [Мәтін] / Ш. Елеукенов ; ред. О. Асқар. – Алматы : Жалын, 1997. – 368 б.
  • Елеукенов, Ш. Көптомдық шығармалар жинағы [Мәтін]. 6-т. / Ш. Р. Елеукенов. – Алматы: Қазығұрт, 2012. – 480 б: [8] п. фотосурет.
  • Ердембеков, Б. А. Абайтану [Мәтін] : оқу құралы / Б. А. Ердембеков. – Астана : Фолиант, 2012. – 430 б. – (Жоғары білім).
  • Ердембеков, Б. А. Абайтану [Мәтін] : оқу құралы / Б. А. Ердембеков. – Өскемен : С.Аманжолов атындағы ШҚМУ “Берел” баспасы, 2015. – 580 б + 1 эл. опт. диск (CD-ROM).
  • Еспенбетов, А. С. Шығармалары [Мәтін]. 2-т. Зерттеулер, мақалалар / А. С. Еспенбетов. – Астана : Фолиант, 2014. – 472 б. : портр. – (Алтай-Ертіс кітапханасы
  • Жүнісов, С. Мұхтар Әуезовтің Абайтану туралы лекциясынан студент Сәкен Жүнісовтің конспектісі [Мәтін]: көмекші оқу құралы / С. Жүнісов. – Алматы: Санат, 1996. – 79 б.
  • Жүрегіңнің түбіне терең бойла [Мәтін] : абай ұлағатына арнау: ой-толғамдар мен өлеңдер / құраст. М. Мырзахметов. – Алматы : Рауан, 1995. – 64 б.
  • Жұбанов, А. Абай [Мәтін] : 4 перделі опера: 2 томдық. 1-т. 1,2 перде / А. Жұбанов, Л. А. Хамиди. – Алматы : Таймас, 2007. – 248 б.
  • Зұлхаров, Ғ. Аңыздар. Асулар. Адамдар [Мәтін] / Ғ. Зұлхаров. – Өскемен: Қазақстан Жазушылар одағы ШҚО бөлімшесі, 2006. – 204 б.: портр.
  • Картаева, А. М. Әдеби өлкетану [Мәтін]: оқу құралы / А. М. Картаева. – Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ “Берел” баспасы, 2016. – 166 б.
  • Кемелбаева, А. Мәжнүн жүрек [Мәтін]: эссе, сұхбат / А. Кемелбаева. – Алматы: Алаш, 2013. – 384 б.
  • Көбесов, А. Абайтану дәрістері [Мәтін] / А. Көбесов. – Алматы : Ы. Алтынсарин атынд. Қазақтың білім академиясының Республикалық баспа кабинеті, 2000. – 84 б.
  • Кунанбаев, А. Прожитое, не сном ли оказалось… [Мәтін] : өлең: орыс тіліне ауд. / А. Кунанбаев ; ауд. Е. Курдаков. – Усть-Каменогорск : Медиа-Альянс, 2008. – 56 б. – Кітап қазақ және орыс тілдерінде.
  • Қала көшелері олардың есімімен аталады [Мәтін] : 5-9 сынып : әдебиеттердің ұсыныс көрсеткіші / құраст. М. Қ. Мұқашева. – Өскемен : ШҚ ОБЖК, 2001. – 39 б.
  • Қала көшелерінің жаңа атауы [Мәтін]: библиографиялық көрсеткіш / құраст. Н. Кенжебекова. – Өскемен: ОБЖК, 2008. – 46 б.
  • Мұхамедханов, Қ. Көптомдық шығармалар жинағы [Мәтін]. 1-т. Зерттеулер, мақалалар. / Қ. Мұхамедханов. – Алматы : Алаш, 2005. – 352 б. : портр. – (Алаш мұрасы).
  • Мұхамедханов, Қ. Көп томдық шығармалар жинағы [Мәтін]. 5-т. Мақалалар. Зерттеулер. / Қ. Мұхамедханов.  – Алматы : Ел-шежіре, 2007. – 344 б. : портр. – (Алаш мұрасы).
  • Мырзахметұлы, М. Абайтану [Мәтін]. 1- кітап / М. Мырзахметұлы. – 2-бас. өңд., толықт. – Астана : Interactiv Kazakhstan, 2014. – 432 б.
  • Мырзахметұлы, М. Абайтану [Мәтін]. 2- кітап / М. Мырзахметұлы. – 2-бас . өңд., толықт. – Астана : Interactiv Kazakhstan, 2014. – 524 б.
  • Мырзахметұлы, М. Әуезов және Абай [Мәтін] / М. Мырзахметұлы. – Алматы: Қазақстан, 1997. – 272 б.
  • Майтанов, Б. Абай: [Мәтін] : тарих, тұлға, уақыт / Б. Майтанов. – Алматы : Аруна , 2004. – 92 б. : портр., түрлі – түсті сур. – (Шығыстың ұлылары). –
  • Мұхамедханов, Қ. Абай мұрагерлері [Мәтін] : жинақ / Қ. Мұхамедханов. – Алматы : Атамұра, 1995. – 208 б. : суретті.
  • Мұхамедханов, Қ. Көптомдық таңдамалы шығармалар жинағы [Мәтін]. 3-т. Абайдың ақын шәкірттері / Қ. Мұхамедханов. – Алматы : Алаш, 2005. – 328 б. – (Алаш мұрасы).
  • Мұхамедханов, Қ. Абайдың ақын шәкірттері [Мәтін]. Екінші кітап / Қ. Мұхамедханов. – Алматы: Дәуір, 1994. – 336 б.
  • Оразалин, Қ. Абай ауылына саяхат [Мәтін] : деректі әңгімелер / Қ. Оразалин ; суретші. С. Макаренко. – Алматы : Жалын, 1994. – 288 б.
  • Оразалинов, С. Ш. Абай елі = На земле Абая = On the land of Abai [Мәтін]: альбом-шежіре / С. Ш. Оразалинов. – Алматы: Өнер, 1994. – 277 б.: суретті
  • Өмірәлиев, Қ. Абай афоризмі [Мәтін] / Қ. Өмірәлиев. – Алматы: Қазақстан, 1993. – 128 б.
  • Салқынбай, А. Шаһкәрім шыққан шың [Мәтін] : монография / А. Салқынбай. – Алматы : Қазақ университеті, 2011. – 213 б.
  • Салқынбай, А. Шаһкәрім шыққан шың [Мәтін] : монография / А. Салқынбай. – 2-бас. – Алматы : Қазақ университеті, 2018. – 213 б.
  • Сәбден, О. Абай және қазақ елінің болашағы (Қара сөздерін XXI ғасырда іске асыру тетіктері) [Мәтін] = Абай и будущее Казахстана (Рычаги воплощения «Слов назиданий» Абая в жизнь в XXI веке) / О. Сәбден. – Алматы : Service Press, 2016. – 362 б. – (Бестселлер).
  • Хасенов, А. С. Абайдың қара сөздері өлеңмен [Мәтін] / А. Хасенов. – Петропавл : Б. ж., 2018. – 124 б.
  • Шығыс жұлдыздары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. 1-т. Сөз зергерлері. Мәдениет майталмандары / құраст.:  Ұ. Есдәулет, Қ. Құрмансейіт, Д. Кәпұлы. – Астана: Фолиант, 2011. – 304 б.: фотосурет.
  • Щербаков, Б.В. Жидебайдың жұлдызды даласы [Мәтін] / Б. В. Щербаков. – Өскемен : Восток-Печать, 2017. – 342 б. – (Изумрудный Алтай).

Мақалалар:

  • Абай және біз [Мәтін] // Қазақ әдебиеті. – 2017. – 4-10 тамыз (№32). – Б. 1-3.
  • Абай күнін атап өтті [Мәтін] // Ана тілі. – 2014. – 14-20 тамыз (№32). – Б. 1.
  • Абай және біз [Мәтін] // Қазақ әдебиеті. – 2017. – 25-31 тамыз (№35). – Б. 2-3.
  • Абай Құнанбаев (1845-1904) [Мәтін] // Жұлдыздар отбасы. Аңыз адам. – 2014. – №15 . – Б. 35-44 : портр.
  • Абай Құнанбаев Ұлы ақын, композитор, философтың туғанына 165 жыл [Мәтін] // Музыка әлемінде = В мире музыки. – 2010. – №4-5. – Б. 7 – 8.
  • Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) [Мәтін] : аңыз адам // Жұлдыздар отбасы. – 2018. – № 21. – Б. 16-21. : портр.
  • Абайдың «Қара сөздері» [Мәтін] // Дәстүр. – 2011. – №5. – Б. 3.
  • Абайдың «Қара сөздері» [Мәтін] // Дәстүр. – 2012. – №1. – Б. 2.
  • Абайдың риза болуы [Мәтін] : ел аузынан // Абай. – 2014. – №6. – Б. 95. –
  • Абайтану [Мәтін] // Жұлдыздар отбасы. Аңыз адам. – 2018. – №11. – Б. 1-35.
  • Абылғазинова, Г. Т. Көрме тамыздың соңына дейін жалғасады [Мәтін] / Г. Т. Абылғазинова // DIDAR. – 2019. – 15 тамыз (№ 92). – Б. 23.
  • Азбанбаев, М. Абай поэзиясы – құқықтық поэзия [Мәтін] / Н. Ерманов // Заң. – 2012. – № 3. – Б. 38-39.
  • Аипова, Ә. Абай мұрасы – халық ұлағаты [Мәтін] / Ә. Аипова // Мектептегі мерекелер: тәрбие жұмысының сценарийлері. – 2019. – №11 . – Б. 3-6.
  • Алтынбекқызы, Ә. Абай – дана, Абай – дара қазақта! [Мәтін] / Ә. Алтынбекқызы // Өскемен. – 2015. – 7 мамыр (№19). – Б. 21.
  • Аманқұл, Ә. Абай қолданған сын есімдер [Мәтін] / Ә. Аманқұл // Жас ғалым. – 2016. – №10. – Б. 27.
  • Анастасьев, Н. Абай асқары [Мәтін] / ауд.: Ж. Ысмағұлов // Егемен Қазақстан. – 2009. – 27 мамыр (№184 – 187) . – Б. 8 – 9.
  • Анаш, Д. Дала данасының дархан тойы [Мәтін] / Д. Анаш // Егемен Қазақстан. – 2015. – 8 тамыз (№150). – Б. 1,5 : фот.
  • Асан, М. Абай мен Әлихан кездесті ме? [Мәтін] / М. Асан // Егемен Қазақстан. – 2017. – 8 ақпан (№27). – Б. 8.
  • Атақтылар жайлы аңыздар [Мәтін] / Әзірлеген: Б. Тұрсынбайұлы // Ұлан. – 2012. – 21 тамыз (№34). – Б. 11.
  • Ахмадиева, Ж. С. Абай-ұлы, Абай-дана, Абай-дара қазақта! (А. Құнанбаевтың туғанына 170 жыл толуына орай оқырмандар конференциясы) [Мәтін] / Ж. С. Ахмадиева // Мектеп кітапханашысы. – 2016. – №1. – Б. 24-25.
  • Ахмер, Б. Абай қол қойған құжаттар [Мәтін] / Б. Ахмер // Қазақ әдебиеті. – 2019. – 9 тамыз (№31). – Б. 8-9. : портр.
  • Ахмет, К. С. Мұқановтың Абай туралы ойларының эволюциясы [Мәтін] / К. Ахмет // Жұлдыз. – 2010. – қаңтар (№1). – Б. 119-128.
  • Ахметова, Г. О. Ұлы Абай шығармаларындағы Назира дәстүрі [Мәтін] / Г. О. Ахметова // Ұлттық тәрбие . – 2013. – №2. – Б. 99-105.
  • Ахмер, Б. Абайдың құжаттарға қойған қолы [Мәтін] / Б. Ахмер // AQIQAT. – 2018. – №4. – Б. 68-70 : фот.
  • Әбдезұлы, Қ. Абай дәстүрі және қазақ дастандары [Мәтін] / Қ. Әбдезұлы // Таң-Шолпан. – 2013. – № 3. – Б. 74-94.
  • Әбдраимов, Ш. Абайдың қоғамдық-саяси көзқарасы. Абай қоғамтануы. Жалпы түсінік. [Мәтін] / Ш. Әбдраимов // QAZAQTANY. – 2019. – №8. – Б. 18-30 : портр.
  • Әбдірахманова, Э. Абай Құнанбаевтың “Ғылым таппай мақтанба” өлеңі [Мәтін] / Э. Әбдірахманова // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2018. – №11. – Б. 81-88.
  • Әбікеева, Б. Абайдың «Отыз сегізінші қарасөзі» [Мәтін] / Б. Әбікеева // Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде. – 2010. – № 4; 5. – Б. 78-85; 90 – 100. : кесте.
  • Әбілдәқызы, Қ. Абай туған күн бүгін… [Мәтін] : өлең / Қ. Әбілдәқызы // Айгөлек. – 2012. – №8. – Б. 3.
  • Әбілхан, С. Глубокоеның  қақ төріне Абайдың кеуде мүсіні қойылды [Мәтін] / С. Әбілхан // Дидар. – 2015. – 10 қыркүйек (№103) . – Б. 4 : портр.
  • Әбіш, М. Абай талқысы немесе ақынның шын туған күні қашан? [Мәтін] / М. Әбіш // EGEMEN QAZAQSTAN. – 2019. – 13 тамыз (№154). – Б. 1.
  • Әкем Абай туралы [Мәтін] // Алдаспан. – 2011. – № 1-2. – Б. 18-19. – жалғасы келесі санында.
  • Әлменбет, А. Уақытында айтылған сөз… [Мәтін] / А. Әлменбет // Қазақ әдебиеті. – 2012. – 30 қараша (№49). – Б. 5.
  • Әуезов ауылына барғанда [Мәтін] // Ұлан. – 2018. – 4 қыркүйек (№36). – Б. 4-5 : түрлі-түсті сурет. – Басы өткен санда.
  • Әуезов, М. Абайдың халықтығы мен реализм туралы [Мәтін] / М. Әуезов // Самопознание. kz. – 2013. – №10. – Б. 48-53 : түрлі-түсті сурет.
  • Байжігітов, Н. Қырғыз елі Абайды ардақтады [Мәтін] / Н. Байжігітов // EGEMEN QAZAQSTAN. – 2019. – 17 қазан (№201). – Б. 11 : портр.
  • Байбол, Ә. Бес асыл іс Һәм бес дұшпан [Мәтін] / Ә. Байбол // ANA TILI. – 2019. – 24-30 қазан (№43). – Б. 4 : портр.
  • Байділдаева, Р. Дананың ақылы – дария [Мәтін] / Р. Байділдаева // Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. – 2011. – Б. 20-28.
  • Байымбетова, А.Ұлы Абай,  дана Абай, дара Абай [Мәтін] / А. Байымбетова // Мектептегі мерекелер. – 2010. – №4 : Б. 19-20.
  • Бар қазақтың ақыл-ойы – АБАЙ! [Мәтін] : поэзия // Айгөлек . – 2017. – № 8. – Б. 4-5.
  • Барлыбаева, Ж. Дана халықтың дара Абайы [Мәтін] : сценарий / Ж. Барлыбаева // Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. – 2010. – №6 . – Б. 29 – 31.
  • Батыр, Н. «Абай жолынан»-Абай сөзіне [Мәтін] / Н. Батыр // ANA TILI. – 2019. – 24-30 қазан (№43). – Б. 4 : портр.
  • Батырова, Б. «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» [Мәтін] : 6-сынып / Б. Батырова // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2013. – №2. – Б. 67-72.
  • Бекбосынов, М. Абай және оның заманы [Мәтін] / М. Бекбосынов // Абай. – 2014. – №5. – Б. 19-25. – Мақала соңында библиогр.
  • Бекмырза, С. Мұхтар Әуезов шығармаларындағы шәкірт ақындар бейнесі және Шәкерім [Мәтін] / С. Бекмырза. – (Әуезов әлемінен) // Абай. – 2009. – № 4. – Б. 77-80.
  • Бектөлеу, И. Абай мұрасы – мәңгілік мұра [Мәтін] / И. Бектөлеу // Педагогика жаршысы = Педагогический вестник. – 2014. – №5. – Б. 68-70.
  • Бекмуратова, А. Абайдың қара сөздерін оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдері [Мәтін] / А. Бекмуратова // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2019. – №12. – Б. 64-70.
  • Бердігалиева, Н. Әр өлеңі бір әлем [Мәтін] / Н. Бердігалиева // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2017. – №10. – Б. 124-139.
  • Бертілеуова, С. Абай Құнанбайұлы [Мәтін] / С. Бертілеуова // Қазақстан тарихы: әдістемелік журнал. – 2011. – №6. – Б. 49-50.
  • Бүйенбай, З. Абайдың “Қалың елі, қазағы, қайран жұрты…” [Мәтін] / З. Бүйенбай // Қазақ әдебиеті. – 2012. – 10 тамыз (№33). – Б. 3.
  • «Біздің Абай» электрондық кітапханасы [Мәтін] // Өскемен. – 2014. – 11 қыркүйек (№37). – Б. 6 : сурет.
  • Даршеева, М. Абай Құнанбаев [Мәтін] / М. Даршеева // Сынып жетекшісі = Классный руководитель. – 2016. – №1. – Б. 13-14.
  • Дәбей, Ы. «Қалың елім қазағым…» «Абайдан соң…» [Мәтін] / Ы. Дәбей // Қазақ әдебиеті. – 2010. – 10-16 қыркүйек (№35) . – Б. 1;5.
  • Дәдебаева, Ж. Абай және құран [Мәтін] / Ж. Дәдебаева // Қазақ әдебиеті. – 2011. – 4 қараша (№44). – Б. 1; 5. – Мақала соңында библиогр.
  • Досжан, Д. Абайдың рухы [Мәтін] : ғұмырнамалық ой-толғау / Д. Досжан // Жұлдыз. – 2008. – №12 . – Б. 52-108.
  • Досжан, Д. Абайдың рухы [Мәтін] : ғұмырнамалық ой-толғау / Д. Досжан // Жұлдыз. – 2009. – №1; 2. – Б. 112 – 145; 76 – 114. ; №2 . – Б. 87-114. –
  • Досжан, Д. Абайдың соңғы күндері [Мәтін] / Д. Досжан // Жұлдыз. – 2012. – №4. – Б. 3-31.
  • Ердембеков, Б. Абай мен Көкбай [Мәтін] / Б. Ердембеков // Ақиқат. – 2011. – № 10. – Б. 52-57. : портр. – Мақала соңында библиогр.
  • Еспенбетов, А. Абай оқыған кітапхана [Мәтін] / А. Еспенбетов // Қазақ әдебиеті. – 2014. – 24 қаңтар №4. – Б. 6 : сурет.
  • Еспенбетов, А. Болашаққа қол сілтер бағдарымыз [Мәтін] / А. Еспенбетов // DIDAR. – 2020. – 14 қантар (№ 4). – Б. 1-2.
  • Еспенбетов, А. Той ғибраты-Абайды әлемге таныту [Мәтін] / А. Еспенбетов // Қазақ әдебиеті. – 2019. – 1 қараша (№43). – Б. 9 : портр.
  • Жағыпарқызы, И. Өскеменде Абайға ескерткіш орнатылатынын естіп қуанып жатырмыз [Мәтін] : сұхбат / Сұхбатт.: А. Қасым // Дидар. – 2009. – 1 маусым (№81) . – Б. 5. : портр.
  • Жақсыбаева, К. К. Абаймен кемел білімге (Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналған әдеби кеш) [Мәтін] / К. К. Жаксыбаева // Мектептегі кітапхана = Школьная библиотека. – 2016. – №1. – Б. 21-22.
  • Жақып, Б. Әуезді өлке, әнді өңір… [Мәтін] / Б. Жақып // Дидар. – 2009. – 31 тамыз (№144) . – Б. 5. : портр.
  • Жаналиева, М. Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев [Мәтін] / М. Жаналиева // Мұғалім. – 2010. – №2. – Б. 11-13.
  • Жанболатұлы, М. Абай тойы халыққа қуат берді [Мәтін] / М. Жанболатұлы // DIDAR. – 2019. – 15 тамыз (№ 92). – Б. 13 : портр. ; 22 тамыз (№ 95). – Б. 11 ; 29 тамыз (№ 98). – Б. 13. – (Abai – 175).
  • Жармұхамедова, С. Абай қарасөздерінің педагогикалық сипаты [Мәтін] / С. Жармұхамедова // Воспитание школьника=Оқушы тәрбиесі. – 2015. – №2. – Б. 22-23.
  • Жахметова, Б.Абай мұрасы – халық ұлағаты [Мәтін] : сценарий / Б. Жахметова // Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. – 2014. – №11. – Б. 18-20.
  • Жолдасбеков, М. Абайша сүйіп, Абайша күйіп жүрміз бе? [Мәтін] / М. Жолдасбеков // Егемен Қазақстан. – 2008. – 26 қараша (№357 – 360) . – Б. 8 – 9.
  • Жолымбеков, Р. Абай Құнанбаев өлеңдерінің әлеуметтік педагогикамен байланысы [Мәтін] / Р. Жолымбеков // Қазақстан мектебі. – 2010. – №2 . – С. 59 – 63. – Мақала соңында библиогр.
  • Жүнісбеков, Б. Абай сөзінің сәулесі [Мәтін] / Б. Жүнісбеков // ANA TILI. – 2019. – 8-14 тамыз (№32). – Б. 5.
  • Жүнісбеков, Б. Абайтанудың арқатірегі [Мәтін] / Б. Жүнісбеков // Ана тілі. – 2017. – 12-18 қазан (№41). – Б. 7.
  • Жүнісбекұлы, Б. Әуелі Абайды оқып, Абайға құлақ асайық… [Мәтін] / М. Зүкенұлы // DIDAR. – 2019. – 28 қараша (№ 136). – Б. 18 : портр. ; 5 желтоқсан (№ 139). – Б. 16.
  • Зинелова, Ж. Абай – дана, Абай -дара [Мәтін] : өлең / Ж. Зинелова // Ұлан. – 2012. – 15 мамыр (№20). – Б. 4.
  • Исағалиева, Д. Абай Құнанбайұлының өлеңдері [Мәтін] / Д. Исағалиева // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2015. – №10. – Б. 64-67.
  • Исабайұлы, Б. – Үлкен Ақшоқыны Ысқақ, кіші Ақшоқыны Абай мекен еткен [Мәтін] / Б. Исабайұлы // Дидар. – 2010. – 6 қазан (№123). – Б. 5.
  • Исрайылқызы, К. Әр күнім Абай атамның суретіне тағзым етумен басталады [Мәтін] : сұхбат / Сұхбатт.: А. Бөлдекбай // Дидар. – 2009. – 10 қараша (№194) . – Б. 5. : портр. – Мақала соңында библиогр.
  • Кәрібаева, Ү. С. Абай Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі [Мәтін] / Ү. С. Кәрібаева // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2018. – №11. – Б. 73-80.
  • Кәрімқызы, Ж. «Абайдың ән отауында» [Мәтін] / Ж. Кәрімқызы // Мектептегі мерекелер. – 2009. – №5 . – Б. 30-31.
  • Кәрімхан, З. Абайдың тұңғыш жинағы [Мәтін] / З. Кәрімхан // Кітап&Кітапхана. – 2019. – №3. – Б. 12-15.
  • Кемелбаева, А. Абай мен Блейк [Мәтін] : эссе / А. Кемелбаева // Әлем әдебиеті. – 2009. – №4 . – Б. 160 – 170.
  • Кемелбаева, А. Гете мен Абай ақын – пайғамбар [Мәтін] : эссе / А. Кемелбаева // Жұлдыз. – 2011. – №1. – Б. 195-198.
  • Кемелбаева, А. Гете мен Абай [Мәтін] / А. Кемелбаева // Әлем әдебиеті. – 2012. – №1. – Б. 209-223.
  • Кенжегараев, Н. Абай шығармаларындағы гендер мәселесі [Мәтін] / Н. Кенжегараев // Ұлттық тәрбие. – 2012. – №1. – Б. 59-63. – Мақала соңында библиогр.
  • Кунекова, Т. Қазақ әдебиеті сабағында жобалау карталарын қолдану тәсілдері [Мәтін] / Т. Кунекова // Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде.  – 2010. – № 5. – Б. 7 – 19. : портр. – Мақала соңында библиогр.
  • Кірпігіме қатқан мұз жүрегімді тоңдрып… [Мәтін] // Қазақ әдебиеті. – 2010. – №45. – Б. 8.
  • Қадырбаев, Н. Шығыстың жазығы мен биігінде [Мәтін] / Н. Қадырбаев // Қазығұрт. – 2017. – №4. – Б. 114-123.
  • Қалиасқарова, А. Абай Құнанбаев шығармаларының аударылу тарихынан [Мәтін] / А. Қалиасқарова ; ред. Ж. Қалыбай // Керуен. – 2016. – №4. – Б. 133-139.
  • Қарабаев, Т. Абайдың «Ескендір» поэмасы [Мәтін] : сабақ сценариі / Т. Қарабаев // Білім технологиялары = Образовательные технологии. – 2014. – №3. – Б. 25-26.
  • Картаева, А. «Абайдың діні – сыншыл ақылдың шартты діні» [Мәтін] : (М. Әуезов зерттеулері негізінде) / А. Картаева // Абай. – 2012. – №1-4. – Б. 60-67.
  • Қасқабасов, С. Ескендір поэмасы [Мәтін] / С. Қасқабасов // Абай. – 2012. – №1-4. – Б. 8-15.
  • Қасым, А. Ақын тойына дайындық қалай? [Мәтін] / А. Қасым // EGEMEN QAZAQSTAN. – 2019. – 23 қыркүйек (№183). – Б. 6 : портр.
  • Қитарова, А. Абай Құнанбаев [Мәтін] / А. Қитарова // Қазақ тарихы. – 2016. – №2. – Б. 57.
  • Қиықбай, Қ. Абайдың және айналасы пайдаланған ер-тоқымдар [Мәтін] / Қ. Қиықбай // Абай. – 2019. – №6. – Б. 41-50.
  • Қоқымбаев, А. Сын тұрғыдан ойлауға үйрету және Акт-ны пайдалану [Мәтін] / А. Қоқымбаев // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2013. – №3. – Б. 33-37.
  • Қорабай, С.-Ұлт өркениетінің көш басында қашан да Абай тұрады [Мәтін] / С. Қорабай // Дидар. – 2010. – 6 желтоқсан (№149). – Б. 5.
  • Қос алыптың мерейтойларына дайындық жұмыстары талқыланды [Мәтін] // EGEMEN QAZAQSTAN. – 2019. – 10 қыркүйек (№174). – Б. 2.
  • Қосан, С. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырының Абай нұсқасы [Мәтін] / С. Қосан // Мәдениет. – 2020. – № 1. – Б. 54-57. : портр.
  • Мағзұмов, М. Адамның асылы Абай емес пе еді? [Мәтін] / М. Мағзұмов // Дидар. – 2013. – 7 қараша (№133). – Б. 9 : түрлі-түсті сурет.
  • Майтанов, Б. Абай өмірі – диалог [Мәтін] / Б. Майтанов // Ақиқат. – 2010. – № 2. – Б. 65 – 70.
  • Мамырова, Г. С. «Кемеңгері қазақтың халқыма ақыл тараттың» [Мәтін] : (Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналған) / Г. С. Мамырова // Бастауыш мектеп. – 2015. – №11-12. – Б. 72-73.
  • Мәдени мұра: жобалар, көрмелер, құндылықтар, экспедициялар [Мәтін] // Мәдени мұра = Культурное наследие. – 2015. – №1. – Б. 2-5.
  • Медеуханұлы, Ә. Абай аманаты [Мәтін] : пьеса / Ә. Медеуханұлы // Абай. – 2009. – №3 . – Б. 95 – 111. – Мақала соңында библиогр.
  • Медеуханұлы, Ә. Абай аманаты [Мәтін] / Ә. Медеуханұлы // Ақ Ертіс . – 2009. – №4. – Б. 9-23.
  • Молдабаева, Н. Абай Құнанбаевтың шығармашылығын белсенді әдістерді қолданып оқыту [Мәтін] / Н. Молдабаева // Бала тәрбиесі. – 2019. – №12. – Б. 30-38.
  • Муханбеткалиев, Е. Е. Қазақ ойшылдарының дүниетанымындағы надандық туралы көзқарастар [Мәтін] / Е. Е. Муханбеткалиев // Қазақ өркениеті = Казахская цивилизация. – 2009. – № 2. – Б. 67-69. – Мақала соңында библиогр.
  • Мұқамедханұлы, Қ. Ұлы ақынның қайраткерлік қызметі [Мәтін] / Қ. Мұқамедханұлы // Абай. – 2019. – №4. – Б. 48-55.
  • Мұқанова, А. Абай Құнанбаев: сабырсыз, арсыз, еріншек… [Мәтін] / А. Мұқанова // Өзін-өзі тану = Самопознание. – 2015. – №5. – Б. 33-35.
  • Мұқатайқызы, Б. Ән әлеміндегі өрнек [Мәтін] / Б. Мұқатайқызы // DIDAR. – 2020. – 9 қаңтар (№ 2). – Б. 17.
  • Мұқатай, Ж. Ұлылар мекені асқақтай түспек [Мәтін] / Ж. Мұқатай // DIDAR. – 2020. – 16 қантар (№ 5). – Б. 8.
  • Мұратқызы, Ш. Абай арманы және алаш арыстары [Мәтін] / Ш. Мұратқызы // Абай. – 2017. – №1. – Б. 28-31.
  • Мұхамадиұлы, М. Періште жаққан шырақ… [Мәтін] / М. Мұхамадиұлы // Абай. – 2009. – №3 . – Б. 36 – 39. – Мақала соңында библиогр.
  • Мұхамедиұлы, А. Абай: «сәулесі бар жігіттер бір ойланар…» [Мәтін] / А. Мұхамедиұлы // Ma`deni mura. – 2019. – №5. – Б. 18-23 : портр.
  • Мұхаметқалиқызы, А. Абайдың «Әліп би» өлеңінің мәні [Мәтін] / А. Мұхаметқалиқызы // Жалын. – 2012. – № 4-10. – Б. 336-337.
  • Мұханбетқалиұлы, Қ. «Білмейтінің – бір, білмейтінің – мың да бір…» [Мәтін] / Қ. Мұханбетқалиұлы // Егемен Қазақстан. – 2015. – 14 тамыз (№154). – Б. 7.
  • Мұхтарханқызы, З. Қазақ ақыны Ибрахим Құнанбаевтың өлеңі [Мәтін] / З. Мұхтарханқызы, 2104 // Мәдениет. – 2014. – №12. – б. 16-18.
  • Мырзахметова, Ж. Абай Құнанбаевтың шығармашылығы [Мәтін] : сабақ / Ж. Мырзахметова // Білім технологиялары. – 2015. – №6. – Б. 25-27.
  • Мырзахметұлы, М. Абайдың ақындық кітапханасы [Мәтін] / М. Мырзахметұлы // Абай. – 2010. – № 1. – Б. 20-23. – (Абайтану арналары).
  • Мырзахметұлы, М. Абайтанудың М. Әуезовке дейінгі кезеңі (1889-1934) [Мәтін] / М. Мырзахметұлы // Қазақ әдебиеті. – 2019. – 30 тамыз (№ 34). – Б. 17.
  • Найзабаев, Ә. Абайдың белгісіз афоризмі [Мәтін] / Ә. Найзабаев // Керуен. – 2016. – №2. – Б. 157-163. – Мақала соңында библиогр.
  • Найзабаев, Ә. Әбдірахман науқастанып жатқанда [Мәтін] / Ә. Найзабаев // Абай. – 2012. – №1-4. – Б. 115-123.
  • Найзабаев, Ә. Шәкерім мақаласындағы Абайдың біз білмейтін афоризмі [Мәтін] / Ә. Найзабаев // Абай. – 2009. – № 4. – Б. 13-16.
  • Ниеталина, Ә. Абай Құнанбайұлының «Қараша, желтоқсан мен сол бір – екі ай» өлеңін оқыту [Мәтін] / Ә. Ниеталина // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2015. – №1. – Б. 56-63.
  • Нұғманбекова, Р. Ұлы ақын – ұлт өркениетінің көшбасшысы [Мәтін] / Р. Нұғманбекова // Дидар. – 2010. – 8 қазан (№124). – Б. 1-3. : фото.
  • Нұрғали, Г. Е. Ұлылықты ұлықтаған ұлы Абай [Мәтін] : сценарии / Г. Е. Нұрғали // Мектептегі кітапханашы = Библиотекарь в школе. – 2018. – №7-8. – Б. 5-6.
  • Нұрқатов, А. Абайдың ақындық дәстүрі [Мәтін] : монография / А. Нұрқатов // Книголюб. – 2011. – № 2. – Б. 88-89.
  • Нұрқатов, А. Абайдың ақындық дәстүрі [Мәтін] : монография / А. Нұрқатов // Книголюб. – 2011. – № 5. – Б. 86-100.
  • Нұрқатов, А. Абайдың ақындық дәстүрі [Мәтін] : монография / А. Нұрқатов // Книголюб. – 2012. – № 3. – Б. 12-32 ; № 4. – Б. 24-34.
  • Нұрлыбайқызы, А. Абай шығармаларының тәрбиелік мәні [Мәтін] / А. Нұрлыбайқызы // Дәстүр. – 2019. – №1. – Б. 22-23. – Библиогр.
  • Нұрпейісов, Н. Абайдың хакімдік қасиеті [Мәтін] / Н. Нұрпейісов // Абай. – 2011. – №3. – Б. 7-10.
  • Нысанәлі, А. Адамзаттың ақыны (Үшем) [Мәтін] / А. Нысанәлі // Ақиқат. – 2016. – №1. – 93-97 б.
  • Ожайұлы, Ы. Ұстаным мен Ұят [Мәтін] : ұғым / Ы. Ожайұлы // Жұлдыздар отбасы. – 2016. – №6. – Б. 20-21 : портр. – (Ой-толғау).
  • Омаров, А.Абай ашқан келісім заңы [Мәтін] / А. Омаров // Абай. – 2012. – №1-4. – Б. 55.
  • Омаров, А. Абайдың жарияланбай келген өлеңдері [Мәтін] / А. Омаров // EGEMEN QAZAQSTAN. – 2019. – 15 тамыз (№156). – Б. 9. : портр.
  • Омаров, А. Атақты «Сегіз аяқ»-тың беймәлім сырлары [Мәтін] / А. Омаров // Қазақ әдебиеті. – 2018. – 14 қыркүйек (№36) . – Б. 20.
  • Омаров, А. Поэзия Меккесі – Жидебай емес, Ақшоқы [Мәтін] / А. Омаров // Жас Алаш. – 2017. – 14 қараша №91. – Б. 5.
  • Омаров, Д. Абай ел басқарушы адамның рөлі туралы [Мәтін] / Д. Омаров // Otbasy jane Densaylyq. – 2019. – №12. – Б. 14 – 16. – (Рухани жаңғыру).
  • Омаров, Д. «Әулие» [Мәтін] / Д. Омаров // Отбасы және Денсаулық. – 2008. – №12. – Б. 11 – 12. – (Шаңырақ).
  • Оразалиева, Р. Бала тәрбиесі жөнінде ұлылар үндестігі [Мәтін] / Р. Оразалиева // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2008. – №11 . – Б. 94 – 98.
  • Оразахынова, Н. А. Абай – ұлт ұстазы, ұлы тәрбиеші [Мәтін] / Н. А. Оразахынова // Білім технологиялары = Образовательные технологии. – 2019. – № 5. – Б. 3-7. – Библиогр.
  • Оразбекова, З. Көркем прозадағы Абай образы [Мәтін] / З. Оразбекова ; ред. Ж. Қалыбай // Үркер. – 2016. – №4. – Б. 25-29.
  • Өтепова, Т. Абай Құнанбаев – жазба әдебиеттің негізін салушы [Мәтін] : сабақ / Т. Өтепова // Білім технологиялары = Образовательные технологии. – 2014. – №5. – Б. 12-13.
  • Пертаева, Э. Дулат пен Абай өлеңдеріндегі үндестік [Мәтін] / Э. Пертаева // Ұлағат. – 2018. – №2 . – Б. 3-17.
  • Райқұл, А. Абай ұрпақтары қалай қуғындалды? [Мәтін] / А. Райқұл // Ана тілі. – 2013. – 30 мамыр-5 маусым (№22). – Б. 6-7 : фот.
  • Райқұл, А. Ұлтты тану рухани кемелдікке сүйенеді – дейді белгілі ғалым Мекемтас Мырзахметұлы [Мәтін] / А. Райқұл // Егемен Қазақстан. – 2017. – 17 қаңтар №10. – Б. 7.
  • Райсова, Б. М. Абайды оқыту – ар ғылымын оқыту [Мәтін] : поэзия / Б. М. Райсова // Педагогический Мир. – 2010. – қыркүйек (№37). – Б. 3.
  • Рақымжанова, С. Абай Құнанбаевтың шығармашылық мұрасының адамзат өміріне әсері [Мәтін] / С. Рақымжанова // Мәдени мұра = Культурное наследие. – 2013. – №1. – Б. 54-59. : фото.
  • Рамазан, Д. Құса [Мәтін] : әңгімелер / Д. Рамазан // Жамбыл. – 2015. – №1. – Б. 73-103.
  • Раманқұл, К. Абай физикасына қайта оралсақ [Мәтін] / К. Раманқұл // Қазақ әдебиеті. – 2014. – 8-14 тамыз (№30). – Б. 1 : фот.
  • Рысқалиев, Т. Абай ілімі және бүгінгі қазақ философиясы [Мәтін] / Т. Рысқалиев // Қазақ әдебиеті. – 2019. – 22 қараша (№46). – Б. 8-9, 22 : портр.
  • Сабырова, А. С. Шоқан мен Абай шығармашылық үндестігі [Мәтін] / А. С. Сабырова // Керуен. – 2012. – №2. – Б. 98-103. – (Әдебиеттану). – Мақала соңында библиогр.
  • Сақыбаева, Ш. Тұңғыш жинақтың жарық көргеніне 110 жыл [Мәтін] / Ш. Сақыбаева // DIDAR. – 2019. – 30 наурыз (№ 35). – Б. 5.
  • Санақбекқызы, Н. Абай ұлттық ойын – тоғызқұмалақты ұлықтаған [Мәтін] / Н. Санақбекқызы // Үркер. – 2018. – №9. – Б. 9.
  • Сандыбаева, К. Асыл нұсқа мен аудармадағы реалиялар [Мәтін] : (Абай өлеңдерінің негізінде) / К. Сандыбаева // Керуен. – 2016. – №2. – Б. 54-61. – Мақала соңында библиогр.
  • Саханова, С. А. Абай «Ғылым таппай мақтанба» [Мәтін] : аралас сабақ / С. А. Саханова // Бастауыш сынып = Начальная школа. – 2010. – №3 . – Б. 10 – 19.
  • Сахантегі, К. Ш. Абай мұрасының танымдық-тағылымдық мәні [Мәтін] / К. Ш. Сахантегі // Әдебиет қазақстан мектебінде. – 2009. – №3 . – Б. 41-45.
  • Сәбитқызы, А. «Жүрегімнің түбіне терең бойла…» [Мәтін] / А. Сәбитқызы // Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде. – 2010. – № 4. – Б. 131-137.
  • Сәлімбек, Е. Польшада «Абай» орталығы ашылды [Мәтін] / Н. Кәрімова // Алдаспан. – 2019. – 14 ақпан (№ 7). – Б. 11 ; DIDAR. – 2019. – 16 ақпан (№ 19). – Б. 5.
  • Сейданов, Қ. Науаи және Абай [Мәтін] / Қ. Сейданов // Егемен Қазақстан. – 2015. – 24 шілде (№139). – Б. 5 : сурет.
  • Сейсенбаев, Р. Жан жарасы жазылмаған ойшыл [Мәтін] / Р. Сейсенбаев // Егемен Қазақстан. – 2015. – 7 тамыз (№149). – Б. 5 : фот.
  • Сейілова, А. Абайды оқы, ой түзе! [Мәтін] / А. Сейілова // Егемен Қазақстан. – 2012. – 24 тамыз (№546-550). – Б. 12.
  • Темірғалиева, М. М. «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Абай тұлғасы [Мәтін] / М. М. Темірғалиева // Әдебиет Қазақстан мектебінде. – 2013. – № 5. – Б. 20.
  • Теміров, Б. Абай мен Әлихан кездесті ме? [Мәтін] / Б. Теміров // Абай. – 2017. – №1. – Б. 32-35.
  • Тогузова, С. К. Абайдай жоқ кемеңгер [Мәтін] : сценарии / С. К. Тогузова // Мектептегі кітапханашы = Библиотекарь в школе. – 2018. – №7-8. – Б. 10-11.
  • Төлебергенова, Ә. Абай қарасөздерінің тақырыбы [Мәтін] / Ә. Төлебергенова // Мәдениет жаршысы = Вестник культуры. – 2011. – № 5. – Б. 29-32.
  • Төлеген, Т. Абай тұрған үйде… [Мәтін] / Т. Төлеген // Ұлан. – 2018. – 28 тамыз (№35) . – Б. 4-5 : түрлі-түсті сурет.
  • Төлеген, Т. Абайдың ұрпағы әзірге Даниярмен тоқтап тұр [Мәтін] / Т. Төлеген // Ұлан. – 2017. – 12 қыркүйек (№37). – Б. 8-9.
  • Төлешова, Г. Мен бір жұмбақ адаммын [Мәтін] / Г. Төлешова // Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. – 2018. – №1. – Б. 11-13.
  • Тургумбаева, Н. К. Ақынның сарқылмас мұрасы [Мәтін] : поэзия / Н. К. Тургумбаева // Педагогический Мир. – 2010. – қыркүйек (№37). – Б. 4.
  • Тілеуханова, А. Абай айналасындағы ақындар және поэма жанры [Мәтін] / А. Тілеуханова // Абай. – 2011. – №3. – Б. 10-14.
  • Уәлиханқызы, В. Абайдың 17-қарасөзіндегі тәрбие мәселесі [Мәтін] / В. Уәлиханқызы // Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде.  – 2010. – № 5. – Б. 77 – 81. – (Әдістеме әлемінде: қазақ әдебиеті).
  • Ушурова, Г. Абай Құнанбайұлы шығармашылығының тәрбиелік негізінің кейбір қырлары [Мәтін] / Г. Ушурова // Ұлағат. – 2012. – №5. – Б. 5
  • Үдербаева, С. Т. Абай – біртуар тұлға [Мәтін] / С. Т. Үдербаева // Қазақ тілі: әдістеме. – 2009. – №10 . – Б. 6-7.5-64. – Мақала соңында библиогр.
  • Үсенбаева, Ә. Абай – табиғаттың көркем суреткері [Мәтін] / Ә. Үсенбаева // Мектептегі мерекелер: тәрбие жұмысының сценарийлері. – 2019. – №11 . – Б. 6-8.
  • Тоқаев, Қасым-Жомарт (Президент). Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан [Мәтін] / Қ. Тоқаев // Қазақ әдебиеті. – 2020. – 10 қаңтар (№1-2). – Б. 1,4-5 : портр. ; Мұқағали. – 2020. – №1. – Б. 9-22. ; Farabi shakirti. – 2020. – №2. – Б. 3. : портр. ; Дәстүр. – 2020. – №1. – Б. 32-33.
  • Шаймарданова, А. Абай және кітапхана [Мәтін] / А. Шаймарданова // Абай. – 2013. – №2-3. – Б. 100-105.
  • Шаманова, Ф. Абай Құнанбайұлы. «Жиырма тоғызыншы сөз» [Мәтін] / Ф. Шаманова // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2017. – №3. – Б. 71-73.
  • Шахманова, А. Т. Батыратын неше алуан сезімге, құдірет бар ұлы Абайдың сөзінде [Мәтін] : Абайдың 170 жылдығына арналған әдебі-сазды кеш / А. Т. Шахманова // Мектептегі кітапхана = Школьная библиотека. – 2016. – №3. – Б. 12-14.
  • Шаяхмет, А. Абай-жұмбақ әлем, зерттелмеген мұхит, игерілмеген ғарыш [Мәтін] / А. Шаяхмет // Қазақ және әлем әдебиеті. – 2019. – №4-6. – Б. 3-10 : портр.
  • Шора, Ш. Абайдың асыл ұрпағы [Мәтін] / Ш. Шора // Алаш айнасы. – 2012. – 15 маусым (№103). – Б. 5 : портр.
  • Ысқақов, Ә. Ақынның мұрасы [Мәтін] : естелік / Ә. Ысқақов // Абай. – 2009. – №3 . – Б. 71 – 72. – Мақала соңында библиогр.
  • Ізтілеуова, С. Кұңфудзы және Абай: тәрбие туралы толғамдар [Мәтін] / С. Ізтілеуова // Ұлттық тәрбие = Оқушы тәрбиесі. – 2013. – №4. – Б. 21-24.
Share