Кітапханадағы жастар орталығында «Адам. Қоғам. Ізгілік» атты тақырып бойынша дөңгелек үстел өтті. Оған Өскемен қаласы әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің әдістемелік және консультативтік жұмыс жөніндегі сектор басшысы Ербол Бақытжан Ерболқызы қатысты. Шарада қайырымды қоғам, бақыт, адамның жетілуі туралы мәселелер қазіргі заман үшін де аса өзекті екені айтылды. Бақытжан Ерболқызы «Әлемнің екінші ұстазы» атанған Әбу Насыр әл-Фараби бабамыздың: “Еліңнің болашағын білгің келсе, маған жастарыңды көрсет, содан соң айтып берейін” деген нақыл сөзін айта келе, қатысқан оқырмандарға елінің ертеңін ойлаған жастар сендерсіңдер деген сенім білдірді. Сапалы білім алу, мамандық таңдау және бос уақытты қызықты өткізу мәселелері бойынша өзекті сауалдар ортаға салынды, ұтымды ойлар айтылды.