Алтай таңы

Алтай таңы

Бүгін, қасиетті де қастерлі «Әз-Наурыз» мейрамының қарсаңында кітапхана қызметкерлері «Алтай» арнасының «Алтай таңы» атты таңғы бағдарламасында қонақ болып қайтты.

Бағдарлама тілшілері тікелей эфирге келген қонақтарға кітапхананың тыныс-тіршілігі, атқарылып жатқан мерекелік іс-шаралары, кітапханашылар Наурыз мейрамын қалай қарсы алатыны туралы сұрақтар қойып, Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.

Шығыс өңірінің басты арнасы болып саналатын «Алтайдың» көрермендерін таңғы ұйқыдан оятып, мерекелік көңіл-күй сыйлаған кітапхана қызметкерлері биыл шығыс шаһарында көктемнің алғашқы күнінен бастап наурыздың барлық мереке-мейрамдары ұмытылмай ескеріліп, 14 наурызда «Амал мейрамы – Көрісу күні» өте жоғары деңгейде тойланғанын атап өтті. Өскемендегі барлық мәдени мекемелердің, білім ошақтарының, оның ішінде кітапхана ұжымының Наурыз мейрамын қарсы алуға деген ықыласы ерекше екенін де жеткізді.

Бөлім жетекшісі Ақерке Құмарбекқызы мен Ақтолқын Жансапова 2023 жылдың басынан бері кітапханада өткізілген іс-шаралар туралы, Наурыз мейрамының тарихы жайлы, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарға қатысты әңгіме өрбітсе, Аян Қалымбектегі өзінің жеке өміріндегі, шығармашылығындағы жаңалықтармен бөлісіп, жырдан шашу шашып, көгілдір экранның ар жағындағы көрермендерге және «Алтай» арнасының ұжымына арнау арнады.

 

Share