«Алғашқы беттерден…»

«Алғашқы беттерден…»

Қараша айындағы «Алғашқы беттерден…» кітап мейнстримі майдангер жазушы, «махаббат маршалы» атанған Әзілхан Нұршайықовқа арналды. «Күміс сөзден алтын зер соққан» атты кітап көрмесіне келушілер қаламгердің шығармасы «Ақиқат пен аңыздың» жазылу тарихы туралы, Әзілхан Нұршайықовтың тік мінезді, айбарлы Бауыржан Момышұлының тілін қалай тапқаны, шығарма жазу барысында болған қызықты жайларды білді.

Сондай-ақ Әзағаңның жан жары Халимаға арнаған «Мәңгілік махаббат жыры», жастарға арналған «Махаббат қызық мол жылдар» кітабы жайлы қысқаша ақпараттар берілді.

Әзағаңның шығармалары оқырмандарды әдептілікке, әдемілікке, әсемдікке, адамның жан сұлулығын байытуға баулиды.

Кітап көрмесі қаламгердің өнегелі өмірімен, ғибраты мол шығармаларымен танысып, сыйластықтың, адалдықтың, ізгіліктің не екенін, мәнісін түсінуіне ықпал етері сөзсіз.

Share